Храпуновты байқамай басынан ұрып жібердім: Отандық журналист экс-әкімнің сұхбат алуға кедергі болғанын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
54

Осыдан бірер күн бұрын «Алматы» телеарнасы журналисті микрофонымен Ақпарат және қоғамдық дам министрі Дәурен Абаевтың басын тиіп кете жаздады.Отандық журналист Гульвира Биғалиева осыған ұқсас жағдайдың басынан өткенін Stan.kz тілшісіне баяндады.

«Оқиға 2004 жылы жаз мезгілінде орын алды, – деп еске алады Гульвира. – Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев Афины олимпиадасында алтынды қанжығасына байлап, Баркер кубогының иегері болып атанған еді. Содан оны Алматы әуежайында түнгі екіде журанлистер, операторлар тосып алатын болдық. Артаев келгенде сол кездегі Алматы әкімі Виктор Храпнуов жаңа чемпион атанған жігіттен сұхбат алуға қайта-қайта кедергі жасады. Коридорда жүріп алды, енді алайық десек жетіп келеді. Үш сағаттай жүрдік, таңғы бестер шамасында әйтеуір «Қазақ радиосының» тілшісі ебін тауып, Артаевты бір бұрышқа тығып алып, сұхбат алып жатыр екен. Мен де жүгіріп бардым, оны көрген басқа әріптестерім ілесіп кетті. Бәріміз микрофонды аузына тоспақпыз», – деп бөліседі журналист кәсібінің қызығы мен шыжығы туралы.

«Менің бойым 160 см шамасында, Артаевтың бойы 190 см екен. Алай созылам, былай созылам, жетер емеспін. Бір кезде аузына апара жатқанда қолымдағы микрофоном ілініп, Храпуновтың басына бір-ақ тиді. Журналистер өте көп, бәрі мәре-сәре, мені итеріп жатыр. Операторым басқа жерда қалып қойған екен. Оны шақырып, микрофон қосамын дегенше сұхбаттан кешігіп қала жаздадым. Аяғым да қарысып қалды, бойымды соза-соза. Операторым, естілмей жатыр, микрофонды апар-апар деп қысып жатыр, сөйтіп әкімнің басына салып жібергеніміз бар. Адам көп, микрофоным қолымнан шығып кетті, енді микрофоным қайда деп іздесем, Храпуновтың басында ілініп тұр екен. Ол мені ала көзімен атып, саған мүлдем енді сұхбат бермейміз деп. Бірақ оған пысқырмадым, орысша-қазақша сұхбатымды алдым. Енді таңғы алтыда жазған стендабымды (журналистік термин – ред.) монтаждайын десем, біресе Ортаев, біресе Тортаев деп түрлі атаған екенмін. Жалпы журналистер көп жиналған жерлерде түрлі қызықтар, курьезный жағдайлар өте жиі болып тұрады, ұрайын деп ұрмайсың, қағайын деп қақпайсың, бірақ ондайлар болып қалады», – дейді тілші.

stan.kz