«Халықтың соңғы үміті — Тоқаев» — Талғат Теменов
Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов YouTube арнасындағы “Адал адам” бағдарламасына берген сұхбатта халықтың ең соңғы үміті қазіргі Президентте екенін жеткізді. Осы орайда ол елді жетпіс жылда коммунизм деп алдап, отыз жылда дамыған ел болатынына сендіргендерді сынға алды. Ол оны идеологияның дұрыс еместігімен байланыстырды.
» Дұрысы, идеология болған жоқ, идеологияның барлығы алдауға құрылды. Шындық өлген кезде де адам үмітпен өмір сүреді. Қазіргі соңғы үмітіміз – президентіміз Тоқаевта. Үкілі үмітімізді осы азаматқа арнап отырмыз. Егер қазіргі президентіміз үмітімізді ақтамаса, онда қазақ халқы маңдайынан мәңгі соры кетпеген ел болады. Әбеңнің “Соңғы парыз” романы еске түседі осындайда. Мен роман жазсам, “Соңғы үміт” дер едім. Қазақ халқы қазір соңғы үмітпен өмір сүріп отыр”, – деді ол.
Теменов Қаңтар оқиғасынан кейін орын алған қатігез жағдайларды Тоқаевтың атын жамылған қанішерлердің жасағанын да атап өтті.
Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn
фото: әлеуметтік желіден