“Қаңтарды ұйымдастырғандар — Назарбаевтың жандайшаптары” -Талғат Теменов

0

Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов соңғы саяси жағдайларға шолу жасай отырып, YouTube арнасындағы “Адал адам” бағдарламасына берген сұхбатта Қаңтар қақтығысына байланысты пікірін білдірді.

Теменов те бұл жағдайдың қолдан жасалғанына сенімді. Әсіресе, мәселе халықтың Тоқаевты кешірмегендігімен байланысты екенін жеткізді.

«Төңкеріс Тоқаевтың халықты уысынан шығарып алғандығын кешірмегендіктен болған дүние. Оны ұйымдастырғандар Олжас Сүлейменов айтпақшы, Назарбаевтың қасындағы жандайшаптары» — деп дөп айтты.

Кинодраматург экс-президенттің отыз жыл берген уәдесін, айтқан пікірін сынға алды. Мұның барлығын ол “құлақтан тепкен идеология” екенін айтты.

«30 жыл бойы тозаққа түстік. Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген сөздер, көшенің тілімен айтқанда құлақтан тепкен идеология болды» деді ол.

Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn