Халықаралық рейстер іске қосылған жоқ – азаматтық авиация комитеті – Қазақстан жаңалықтары

0
51

ҚР индутрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстердің ашылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

«​Әуе компаниялары мен делдалдардың сайттарында халықаралық бағыттарға билеттер сатылып жатқаны туралы ақпаратқа байланысты ұшулар басталар алдында бірнеше айға сатудың әлемдік тәжірибесіне сай халықаралық рейстерге билет сату реттелмейтінін және шектелмейтінін хабарлаймыз», -делінген ресми хабарламада.

Яғни, бұл дегеніміз елімізге келетін немесе елімізден ұшатын халықаралық бағыттар бойынша әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің қайта басталғанын білдірмейді және жолаушыға таңдап алынған бағыт және рейс күні бойынша ұшуға кепілдік бермейді.

​Халықаралық бағыттар бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастау эпидемиологиялық жағдайға, Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік шекарасынан өту шектеулеріне, cондай-ақ мемлекеттердің визалық талаптарына байланысты анықталады.

«​Халықаралық әуе қатынастарын қайта бастау туралы шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, сондай-ақ шет мемлекеттер тарапынан келіп-кетуге қойылған шектеулерді алып тастауына байланысты қабылдайды», – деп қосты комитет өкілдері.

Еске салайық, Қазақстанның бірқатар аймақтарында әуе қатынасы 25 мамырдан бастап іске қосылған еді.

stan.kz