Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Тоқаевты құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Томас Бах Қазақстан президентінің спортқа деген ықыласын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады.

«Аса ірі спорт ұйымының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымына тағайындалуына орай жылы лебіз білдіріп, алдағы қызметіне табыс тіледі.Томас Бах Қазақстанның олимпиадалық қозғалыстағы белсенділігіне жоғары баға беріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортқа деген ықыласын атап өтті», — деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Хатта ХОК-тің Қазақстан үкіметімен және Ұлттық олимпиадалық комитетімен тығыз әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екені айтылған.

Тағы оқыңыз: АҚШ президенті Тоқаевқа жеделхат жолдады

Айта кетейік, Тоқаев 13 жыл Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды.  

Мамырда Қазақстан президенті Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жас оралдықтармен теннис ойнады.



sputniknews.kz