Халықаралық есірткі арнасы жойылды

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының таратылғаны туралы хабарлады.

18 наурызда Шымкентте ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. азаматын ұстады.

«Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келі Ауған гашиші тәркіленді. Қара нарықта тәркіленген есірткінің алдын ала құны 50 миллион теңгеден асады», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу материалы Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді.