Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

0
65
фото BORT N1 телеграм арнасынан алынды

Мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kznews.kzсайты BORT N1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

Бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, сондай-ақ Халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Президент әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

«Жағдай күн сайын өзгеруде, өте құбылмалы кезең. Сондықтан біз барлық сын-қатер мен мүмкіндікті нақты әрі тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешімдер барынша салмақты болғаны жөн. Бірақ, созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.