«Халық саған ақымақ па?»: Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа ашуын төкті – Қазақстан жаңалықтары

0
63

Қазақ Африкаға немесе Америкаға барып бизнес жасаушы ма еді? Осылай деген Уәлибек Әбдірайымов Нұрлан Қоянбаевқа дген ашуын ашық айтты. Алайда Нұрлан  Қоянбаевтың да қазақ өнеріндегі көкелеріне айтар уәжі бар.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Неге қазіргі Африкада кино түсіріп жүргендер қазақ тілінде кино түсірмейді. Ауылдағы бір топас адамға немесе кемпір-шалдарға қазақша сөйлетіп қояды. Қалған ақылды сөздерді орысша айтқызады. Сонда қазақтар ақымақ па? Неге бастан аяқ қазақ тілінде шығармайды. Бір рет ақша тапты, екі рет. Енді ақшаның артынан қумай, өнерді ойлау керек қой. Неге ұлтына қызмет істемейді. Өзбектерді сынаймыз. Бірақ олар орыс тілін араластырып кино түсірмейді. Және өзбек тіліндегі киноларын бәрі көреді. Сол арқылы елді тәрбиелейді. Қырғыздар да солай. Бірақ неге біз кіріптармыз. Неге өз тілімізді таптап тұрмыз?», – деді Қоянбаевты сынға алған Әбдірайымов.

Бұған Нұрлан Қоянбаевтың да жауабы дайын.

«Мен кейбір ағаларымызды түсінбеймін. Аға болып, жас балаларды. інілерін сынауға болады? Олар жаман нәрсе істеп жатқан жоқ қой. Олар еңбек етіп жүр. Еңбек еткен адамды қалай сынайды? Біз бір жерден көшіріп, өтірік жасап ақша тауып жатқан жоқпыз», – деді ол.

Қоянбаев не себепті киноларды орысша-қазақша екі тілде араластырып түсіндіретін айтып берді.

«Мен қазақша киноларға бармаймын» дейтін ағаларымыз бар. Мен соларды киноға әкелу үшін орыс тілін араластырамын. Оның үстіне Илья Ильиннің анасынан, Денис Теннің анасынан ұялам. Олардың балалары Қазақстанның атынан еңбек етті ғой. Олардың туысқандары бар. Бәрі көреді», – деді режиссер.

Тіл мен ұлтты мазақ қылатын шетелдік туындылар да бар. Мәселен, голливудтық фильмде де кез келген азиатты каратист ретінде көрсетеді. Мұндай үрдіс ресейлік режиссерлерге де тән. Олардың ойынша, азиаттар тек қара жұмысшы бола алады.

Медиа сананы қалыптастыратын үлкен күш. Уәкең соны түсініп, жақында өзі де кино саласына бет бұрғысы кеп жүр.

«Малай деген бір киноның идеясы бар. Жүсіпке ойнатамын деп ойлағам. Бірақ ақшаның тапшылығынан кино түсірілген жоқ. Комедия аралас кино», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.

Халыққа сапалы киноны түсіру үшін театр басшысы бек қалталы демеуші табу керек.

stan.kz