«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүйелі түрде жүргізіліп келеді

0
103

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жоба­сы­ның алды­на қойған мақсаты сан алуан. Бұл – мәні де, мағынасы да өте кең ұғым. Бір сөзбен айтқанда, оны бү­гін­гі заман талаптарына сай халықпен тығыз қарым-қатынас жасаудың жаңаша бір тетігі, оңтайлы әді­сі деуге болады», деді Ақтөбе облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев жобаның кейінгі кезеңінің қорытындысына байланысты өткізілген комиссия отырысында.

Өңір басшысының ой-пікірін сәл терең­дете түсер болсақ, аталған жоба аясында қайы­­рымдылық қағи­даттары қанат қағып, жетім­дерді жебеп, сүрін­ген­ді демеу жөнінде біраз істің басы қайы­рыл­ды. Оның басты бөлігін қайырымдылық көмектер құр­айды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту мен жүр­гізу бойынша семинарлар, тренингтер мен ше­берлік сабақтары өткізілді. Жоба – шағын және орта бизнесті дамтыуға қатысты қабылданған мем­ле­кеттік бағдарламаларды ел-жұрттың арасында кеңі­нен түсіндіруге басымдық береді.

Бүгінгі кезде еліміздің қай өңірінде болсын, теріс діни ағымдардың жетегінде жүргендер кез­дес­­пей қалмайды. «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» демей ме дана халқы­мыз. Осы орайда теологтер мен діни ағартушылық бағытта қызмет жасайтын сарапшылар то­бы­ның қызметі де тиісті нәтижесін беріп жүр.

Деструктивті діни ағым өкілдерімен жекелеген және топтық кездесулер өткізу үрдісі де енгі­зіл­ді. Қандай теріс құбылыс болсын, оның алдын ала білген жағдайда залал келтіре қой­маса керек. Бұл ретте көңілге қонымды, мазмұнға бай, профилактикалық іс-шаралар жобаның нәтижелі болуына ық­­палын тигізуде. Қазіргі кезде жоба шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін одан әрі кө­теру жолдары қарастырылуда.

Рес­публика өңірлері арасында халықпен қоян-қолтық жұмыс жүргізудің баламасы жоқ жол­дары белгіленген уақыттан бері облыста жүйе­лі шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде мақ­сат­тық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Бүгінгі басты мін­дет осымен шектеліп қалмай, халыққа қажетті алғы­шарт­тар­ды одан әрі ширата түсу болмақ.

Айталық жобаның жетінші кезеңінде 126 іс-ша­ра өткізіліп, оған 14 мың адам қамтылыпты. Әри­не басты гәп санда емес, сапалық көрсеткіште, жүр­гі­зіл­ген жұмыстардың тұрғындарға тигізетін пайда­сын­да, кездесу кезінде айтылған әңгімелердің жүрек­терге жетуінде. Бұл тұрғыдан да «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бәсі биік тұр.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Дереккөз: http://egemen.kz/