Халық былыққа батып бара жатыр

0

Антальяда байқағаным адамдар оффлайн өмір сүреді. Рахаттанып шәй ішеді, жанындағы кісілермен шынайы сөйлеседі. Ең ұнағаны бір-бірін тыңдай біледі. Салыстырмалы түрде өзіміздің елдегі жағдайды эмоциясыз таза статистикамен және аналитикамен баяндап берейін.

Бізде бәрі телефонға шұқшиып отырады. Алдында отырған адамды емес, соткадағы уведомлениеге жалтақтап отырады. Әлемде әлеуметтік желіге, әсіресе мына Ютуб пен Инстаграмға байланған, кәдімгідей желіге тәуелді болған елдер ішінде алғашқы ондыққа кіретініміз рас. Халық санын интернет қолданушылар саны мен әлеуметтік желі қолданушылар санына бөлсек, сұмдық коэффицент шығады.

Datereportal сайтының мәліметінше, 2021 жылы  қаңтарда Қазақстанда халық саны 18.89 млн болса, интернет қолданушылар саны 15.47 млн болған. Халықтың 81.9% бөлігі интернет қолданады. Бұл — бір!

Сол сайттағы ақпарат бойынша, дәл сол 2021 ж қаңтарда 12 млн әлеуметтік желі қолданушысы болған. Демек, халықтың 63.5% бөлігі әлеуметтік желіні тұрақты қолданады. Бұл — екі!

Интернет қолданушылар мен ӘЖ қолданушылары жыл сайын 5-10% өсіп отыратынын ескерсек, алдағы 1-2 жылда халықтың 90-95% бөлігі — интернетке, 70-80% бөлігі — әлеуметтік желіге байланады. Былайша айтқанда, халық интернет құлдық пен әлеуметтік желіге тәуелділік ауруына шалдыққан. Бұл тенденция, әлбетте, манипуляция жасауға, халықты басқаруға және бақылауда ұстауға өте ыңғайлы.

Ең қызық 3-фактіні де келтіре салайын. 2021 ж қаңтар Қазақстанда интернетке жалғанған смартфондар саны 24.44 млн-ды құрайды. Халық санының 129.4% бөлігі интернетке жалғанған телефон ұстайды. Яғни орташа алғанда, Қазақстанның әр азаматы кемі бір не одан да көп интернеті бар смартфон ұстайды. Бұл соңғы 1 жылда 4.8%, яғни 1.2 млн телефонға азайғаны екен. Бұл 3-статистика адамдардың мобайл құлға айналғанын әрі смартфон сатып алып, тұтынушылық кредитке байланғанын білдіреді.

Бұның бәрін неге айтып отырмын? Біз әлеуметтік желіде, интернетте қанша көп отырған сайын өзіміз жайлы көп ақпаратты боттар мен платформаларға біліп-білмей өз еркімізбен береміз. Ал әлеуметтік желі мен интернеттен шықпайтын халықтың агрессив, психикалық ауытқуы бар әрі неадекват әрекеттер жасауы айдан анық.

Біз әлеуметтік желілерде отырған сайын маркетинг манипуляциялары мен биліктің былығына араласа береміз. Дамимын, өсемін, өнемін, қарыздан құтыламын, қаржылық тәуелсіздікке жетемін десеңіздер, әлеуметтік желілерден уақытша шығып көріңіздер. Солай бірнеше рет қайталап, мүлдем кірмейтін дәрежеде етіміз бен миымызды үйретеміз. Оффлайн өмірден ләззәт алмай өмірде бақытты болуымыз қиын.

Әрине, әлеуметтік желіні, интернетті күндік нормамен, сау ақылмен, желі әдебімен дұрыс мақсатта қолдансақ, басқаша болар ма еді?! Бізде халықтың жаппай смартфонға шұқшиюының бірден-бір себебі — БАҚ-тарда цензураның шамадан тыс болуы. Адамдар ТВ, газет, журналдарға мүлдем қарамайды, бетін де ашпайды. Себебі көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен шығатын БАҚ-та не айтылып, не жазылатынын беске біледі.

Әйтпесе, постың басында айтқанда, Түркия елінде де интернет пен ӘЖ қолданушылары аз емес. Алайда бұнда интернетке алтернатив БАҚ-тың халық алдында абыройы бар. Біздегі сияқты 95-100% мемлекет бақылауына өтіп кетпеген…

Нұрлан ЖАНАЙ, әлеуметтік желідегі жазбасынан.