Хабиб жанкүйерлерін сүйінші жаңалығымен қуантты (видео)

0

UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов өзінің «Khabib time» автобиографиялық кітабының таныстырылымын өткізді. деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ресейлік БАҚ-тың деректерін негізге алып. Автобиографиялық кітап 10 желтоқсаннан бастап оқырман назарына ұсынылады. Хабибтың айтуы бойынша, бұл кітапта чемпионның бала кезінен бастап чемпион атануына дейінгі сара жолы туралы жазылған. 

Аталмыш кітапты Хабиб осыдан 2 жыл бұрын Заур Құрбановпен бірге жазып бастаған. Чемпион бұл кітапты жазуға тәуекел еттік.

«Кітапты 2 жыл бұрын жазып бастаған кезде мен өзімнің чемпион атанатыныма 100 пайыз сенімді болмадым. Алда не болатынын Құдай ғана біледі ғой. Сол себепті бұл кітапты жазу үлкен тәуекелді қажет етті. Кітап жаза бастаған кезде мені сынға алғандар көп болды. Себебі мен әлі чемпион болмаған едім. Ал қазір маған ешкім ештеңе дей қоймас», деп жазды Хабиб өзінің инстаграм парақшасына.

Кітап 300 беттен тұрады. «Ішімдік сатқаннан гөрі, кітап жазып сатқан жақсы. Мен өз кітабымды рахаттанып оқимын. Өзім жазсам да, әлі бастан аяқ оқып шықпадым» дейді Хабиб Нұрмағамедов.

Сонымен бірге чемпион Конор Макгрегормен арадағы болған жайттарға қарамастан, Конорды жау деп есептемейтінін де айтып өтті. «Конор маған жау емес. Мен 2016 жылы маған келімшарт ұсынылғаннан бастап оны өз қарсыласым ретінде көрдім. Оның не айтқаны, не жазғаны маңызды емес. Себебі күшіктер әрнәрсеге үре береді, алайда оған ешкім мән бермейді. Мен сол жекпе-жекте жеңіліске ұшырар едім, алайда берілуге намысым жібермеді» дейді Хабиб.

«Мен жекпе-жектен кейін Конормен кездеспедім. Не үшін кездесуім керек? Ал Лас-Вегасты дүрліктірген жайтты мен сырттай қарап отырған болсам қарсы болар едім. Алайда сол уақытқа қайта оралсақ мен ештеңені өзгертпес едім. Сол әрекетімді қайталаймын» дейді Хабиб.

Еске салсақ, 7 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов  Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңген болатын. Мұны кұтпеген жанкүйерлер шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтың арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелесске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.

«Қамшы» сілтейді