Хабиб Нұрмагомедов карьерасын ресми түрде тоқтатты

0

UFC (Абсолют жекпе-жек чемпионаты) чемпионы Хабиб Нұрмагомедов спорттағы мансабын аяқтады. UFC басшысы Дэйна Уайт твиттерде осылай деп хабарлады.

«Ол 100 пайыз ресми түрде зейнетке шықты. Сенің жұмысыңды жоғары бағалаймыз. Көп рақмет. Сәттілік тілеймін, досым», – деп жазды Уайт.

32 жастағы Хабиб Нұрмагомедов 29 мәрте аралас жекпе-жек өткізіп, бір де бір рет жеңілмеді. UFC-те ол 2012 жылдан бері 13 мәрте жеңіске жетті.

2020 жылғы қазанда Нұрмагомедов жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын үшінші мәрте қорғады. Бұл жолы ол америкалық Джастин Гейджиді жеңді.