ШҚО-да 48 оқушы мектепте уланып қалды

0
Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде оқушылардың дене қызуының көтерілуіне, құсу мен диареяға шағымдары жаппай қаралды, деп хабарлайды ШҚО білім басқармасы.
18 наурыз сағат 19.00-дегі жағдай бойынша барлығы 48 бала жүгінді, оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді.
Алдын ала диагноз: жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирустық инфекциясы. Мектеп асханасында тамақтануды жеке кәсіпкер-жалға алушы ұйымдастырады.
Аудандық ішкі істер бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
18 наурыздан бастап мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді.
Аталған факті бойынша 18 наурыз күні таңертең мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істейді. Қажетті зерттеулер жүргізілуде.
Бақылауды әлсіреткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себептері мен жағдайларын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды.
Осы мәселе қатаң бақылауда.