​Гүлзира Айдарбекова жағдайы мүшкіл анаға көмектесу үшін киімдерін сатпақ

0

​Гүлзира Айдарбекова жағдайы мүшкіл анаға көмектесу үшін киімдерін сатпақ

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова жағдайы мүшкіл, екі балалы анаға көмектесу үшін өзінің киімдерін жаппай сатылымға шығарды. Продюсер көйлек-көншегін жарты бағасына сатпақ.


 
«Құрметті оқырмандарым! Алдыңғы постымды жақсылап оқып шықсаңыздар, киімдерімді мұқтаж жандарға көмек үшін 50% пайыз жеңілдікпен сатылымға қойдым. Себебі: мына әңгімені есітіп ұйқымнан айрылдым. Бұл келіншек Тараз қаласында тұрады, күйеуі ішкілікке одан да зорына салынып кеткен. Суретті жылжытып қарасаңыздар көресіздер. Қыстың қақаған аязында есігі жоқ, кленка қағып қойған, полы цемент жалдамалы жер үйдің бір ғана бөлмесінде, 10 мың тенге төлеп тұрады екен. Жалдамалы үйінің егесінің өзінің есік салып беруіне жағдайы мәз емес, осы ақшамен отбасын бағып отырған көрінеді. Өзінің алатыны 16 мың тенге. Тек нан алуға ақшасы әрең жетеді екен. Сүйектері ыдырайып, денесінде ет қалмай сүйегіне жабысып қалған аштықтан. Қолында 6 айлық баласымен 6 жастағы қызы бар, цементтің үстіне бір кілемшемен көрпеше төсеп мұздай жерде балаларының бетіне қарап отырады екен. Не ұялы телефоны жоқ, анау тұрған телевизор жұмыс жасамайды. Қызы тек нан жейміз бөлісіп депті. 6 айлық баласын 6 жастағы қызына тастап моншаға да бара алмайды екен. Осы отбасын жылы әрі ыңғайлы пәтерге көшіріп, тамақтарын жеткізіп отырсақ деп ойластырып отырмыз. Алла, қара көздерімізді нақақтан жылатпасын. Осы сияқты отбасылар іріктеліп қойған, сол себепті бекерден-бекер тегін сұрап, телефонға тыным бермей отырған адамдар түсіністікпен қарап, бекерге мазаламаса екен өтініш. Мұндай қиындықтарды жауымыздың басына бермесін.Қайта қолдан келсе жұмыла кірісейік. Киімдерді ниет етіп алған адам, тек жеңілдікпен алғанынан басқа аш отырғандардың сауабына да кенелетінін білсе екен. Еліміз тыныш, отбасымыз аман, ыстық ұямыз берекеге толы болып, сәбилеріміз жыламасын!»-деп жазған продюсер.
 

Жаңа-жылға болсын, не болмаса жәй қонаққа киіп барғанға, көшеге киіп шыққанға киім керек болса, 50% пайыз жеңілдікпен киімдерімді сатып, жағдайлары өте төмен жандарға берсем деген ниетім бар. Одан басқа «КН» киімдері 70 және 90% пайыз жеңілдікпен бар, мысалы 14 мыңның ерлер жейделері 2500 теңгеден, жемпірлер 25 мың теңгелік 5 мыңнан, әйелдер көйлектері 3000 теңгеден де табылады, бұл жерге әлі ілінбегендері қаншама. Мынадай аспа темір болмағандықтан осы жерде каробкалардан табасыздар. Бүгіннен бастап 29 на дейін келіп алсаңыздар болады. Мүмкін жағдайы жоқ жандардың xалі өте мүшкілдерін сіздермен бөлісермін, араларыңызда бізде қол ұшын берсек дейтіндеріңіз болса. Қайрат екеуімізден көмек сұрайтындар күннен-күнге артып барады. Әрине пәлен миллион адамның жағдайын жасауымыз мүмкін емес, мүмкін кейбіреулеріне себепші болармыз. Алла пенделерін өзі есіркей көрсін!???? Адресіміз: Алматы қаласы, Наурызбай батыр 99/1 7-ші қабат «KN”продакшн. Тел нөм:87081649879 осы нөмірге xабарласып, жол тауып келулеріңізге болады. Киім сатып алғандарға жаңа-жылға сыйлық ретінде Қайрат Нұртастың ән-жинағы сыйға беріледі.

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Құрметті оқырмандарым! Алдыңғы постымды жақсылап оқып шықсаңыздар, киімдерімді мұқтаж жандарға көмек үшін 50% пайыз жеңілдікпен сатылымға қойдым. Себебі: мына әңгімені есітіп ұйқымнан айрылдым. Бұл келіншек Тараз қаласында тұрады, күйеуі ішкілікке одан да зорына салынып кеткен. Суретті жылжытып қарасаңыздар көресіздер. Қыстың қақаған аязында есігі жоқ, кленка қағып қойған, полы цемент жалдамалы жер үйдің бір ғана бөлмесінде, 10 мың тенге төлеп тұрады екен. Жалдамалы үйінің егесінің өзінің есік салып беруіне жағдайы мәз емес, осы ақшамен отбасын бағып отырған көрінеді. Өзінің алатыны 16 мың тенге. Тек нан алуға ақшасы әрең жетеді екен. Сүйектері ыдырайып, денесінде ет қалмай сүйегіне жабысып қалған аштықтан. Қолында 6 айлық баласымен 6 жастағы қызы бар, цементтің үстіне бір кілемшемен көрпеше төсеп мұздай жерде балаларының бетіне қарап отырады екен. Не ұялы телефоны жоқ, анау тұрған телевизор жұмыс жасамайды. Қызы тек нан жейміз бөлісіп депті. 6 айлық баласын 6 жастағы қызына тастап моншаға да бара алмайды екен. Осы отбасын жылы әрі ыңғайлы пәтерге көшіріп, тамақтарын жеткізіп отырсақ деп ойластырып отырмыз. Алла, қара көздерімізді нақақтан жылатпасын. Осы сияқты отбасылар іріктеліп қойған, сол себепті бекерден-бекер тегін сұрап, телефонға тыным бермей отырған адамдар түсіністікпен қарап, бекерге мазаламаса екен өтініш. Мұндай қиындықтарды жауымыздың басына бермесін.Қайта қолдан келсе жұмыла кірісейік. Киімдерді ниет етіп алған адам, тек жеңілдікпен алғанынан басқа аш отырғандардың сауабына да кенелетінін білсе екен. Еліміз тыныш, отбасымыз аман, ыстық ұямыз берекеге толы болып, сәбилеріміз жыламасын!????✊

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Дереккөз: Reactor


Дереккөз: http://reactor.inform.kz