Гүлнара Кәрімоваға пара бергендер ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін
Өзбекстан «экс-ханшайымы» Гүлнара Кәрімоваға пара берген «Telia» компанияның бұрынғы басшылары ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін.
Стокгольмде өтіп жатқан сот процесі кезінде прокурорлар айыптаушыларға коррупциялық қылмыстары үшін қатаң жаза сұрады. 19 желтоқсанда Стокгольмда Telia (бұрынғы TeliaSonera) компаниясының бұрынғы басшыларына қатысты тыңдау аяқталды. Сот тыңдауы 4 қыркүйекте басталған.
Сотта Гүлнара Кәрімоваға пара берді деген күдікпен ұсталған компанияның бұрынғы атқарушы директоры Ларс Нюберг, экс-вице-президент болған Теро Кивисаари және еуразиялық бағыт бойынша бас кеңесші болған Ули Туима айыпталып жатыр.
Олардың барлығы Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримоваға өзбек нарығына кіру үшін, (Өзбекстанға Ucell брендімен кірген) 350 млн доллар көлемінде пара берді деп айыпталуда.
Тыңдау кезінде прокурорлар Теро Кивисаариді жемқорлық жоспардың басты орындаушысы ретінде санап, оған 7 жыл, 9 тоғыз ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Швеция заңына сәйкес, коррупциялық қылмыс үшін 6 айдан 6 жылға дейін түрме жазасы беріледі.
Мемлекеттік айыптаушылар Ларс Нюберг пен Ули Туимаға да түрме жазасын сұрады.
Өзбекстанда Гүлнәра Каримоваға 53 млн доллар пара алды деген айып тағылған. Ташкент соты оны 5 жылға бас бостандығынан айырған.