Әкімдер мұғалімге көңіл бөлсін | «Айқын» газеті

0

Партияның орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының Білім беру бағыты бойынша партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық ететін комиссияның отырысы өтті. 

Күн тәртібінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімге оқу жүктемесін төмендету мәселелері бойынша» заңдар жобалары талқы­ланды.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында келесі жылы мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қыз­меткерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен мін­деттен тыс функциялардан арашалауға ба­ғытталған «Педагог мәртебесі ту­ралы» заңды әзірлеп, қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Содан бері бұл мәселе халық арасында қызу тал­қы­ланып жатыр. Қазіргі кезде елімізде оқушылардың оқу жүктемесі мәселесі өзекті болып тұрғаны жасырын емес. Президент атап өткендей, Қазақ­стан­дағы оқушылардың оқу жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары, ал ЭЫДҰ мемлекеттерінен 30 пайыз жоғары екен.
Басқосу барысында мұғалімдерге өз міндеттерінен басқа да функция­ларды жүктеу мәселесі де өзекті болып отырғаны айтылды. Аталған заң жо­балары қоғамда кеңінен талқыланып, осы мәселелерді шешуге, барлық мүд­делі тараптардың құқықтарын қор­ғауға бағытталуы тиіс екендігі сөз болды.
Президенттің Жолдауда берген білім сала­сына қатысты басқа да тап­сырмаларына сәйкес, алдағы 5 жыл ішінде білім беру, ғылым және ден­саулық сақтау саласына шығындарды жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту, біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақ­шадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі жиын кезінде айтылды.
Кездесу барысында осы мәсе­ле­лерді талқылау үшін Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева заң жобаларын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, Парламент Мәжілісінің депутаттары Ж.Нұрманбетова, Н.Жұмаділдаева, Б.Хаменова аталған заң жобаларына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қазақстандық кәсіптік білім беру және ғылым қыз­меткерлерінің кәсіподағы атынан төраға орынбасары А.Мұқашева, мұ­ғалімдер қауымының атынан Қы­зылорда қаласының №235 мектеп директоры Г.Әбдазиева сөз сөйлейді.
– Бұл – ұстаздардың көптен күткен жобасы. Ақпан айына дейін осы жобаны талқылауға көп уақытымыз бар. Әр нәрсені келісе отырып, түйінін шығарамыз деп ойлаймын. Аталмыш заң жобасы әлеуметтік желілерде де кеңінен талқыланып жатыр. Халық арасында жергілікті атқарушы орган мұғалімдерге сыйақыны және ауылдық жерде жұмыс істегені үшін отын алуға қаражаттың сомасын белгілейді дегенге келіскісі келмейтіндер де бар. Қорыта айтқанда, әкімдер өз өңіріндегі ұстаздар мен дәрігерлерге ерекше көңіл бөлгені жөн, – деді Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова.
Талқылауға бейнеконференц бай­ланыс арқылы еліміздің барлық ай­мақтары қатысты. Отырыс қоры­тын­дысы бойынша комиссия мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсыныстар әзірледі.

Әбілмансұр ЖАСАН 

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз