Грузияда тұңғыш рет әйел президент болды

0
Грузияда тұңғыш рет әйел президент болды


Грузияда өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жетті.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдердің 91,42% өңделді. Нәтижесінде, Саломе Зурабишвили 59,55% дауыс жинаған. Ал оның бақталасы Григол Вашадзені сайлаушылардың 40,45% қолдаған.

Грузия Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтының арнаулы бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, Зурабишвилиге — 1 570 063 адам, Вашадзеге 717 942 адам дауыс берген. Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.

Еске салайық, Грузияда 28 қараша күні президент сайлауының екінші туры өтті. Оған «Грузия арманы» билеуші партиясынан Саломе Зурабишвили және «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясынан кандидат Григол Вашадзе қатысты.