Грузия азаматтарының $1,5 млрд қарызын кешірмек

0
23 Желтоқсан 2018, 15:51 229 0

Фото: Etcetera.media

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Грузия 600 мың азаматтың 1,5 млрд доллар көлеміндегі қарызын кешіреді. Бұл туралы Sputnik-Грузия агенттігі хабарлайды.

Алғашында мәселе 565 млн доллардан басталған.

Қарызы кешірілуі қажет азаматтардың есімі арнайы тізімге енгізіліпті. Ол интернетте жариялаған.

Қарызы бар тұрғындар өз есімін тізімнен тауып алса, оның қарызы осы жылдың 31-желтоқсанына дейін кешіріледі.

Тізімде ондаған банкке, әрі микро қаржылық ұйымдарға, онлайн-банкке және коллекторлық компанияларға қарызы азаматтар бар.

Олардың борышын «Карту банк» өтейді. Банктің негізін «Грузия арманы – демократиялық Грузия» партиясының көшбасшысы, миллиардер Бидзина Иванишвили қалаған.

Қарыз тек осыдан бір жыл бұрын несие алған, оның процентін төлемеген, әрі несиенің негізгі соммасы процентсіз және айыппұлдың мөлшері 751 доллардан аспаған жағдайда кешіріледі.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ