Грекияда екі пойыз соқтығысты: қаза тапқандар саны 30-дан асты

0

1 наурызда таңғы уақытта Грекияның солтүстігінде екі пойыз соқтығысты, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі BNO News басылымына сілтеме жасап.

Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 100-ден аса адам зардап шекті. Жүк тасымалдайтын пойыз бен Грекия астанасынан Салоники қаласына бара жатқан IC 62 жолаушылар пойызы Темпи қаласының маңында соқтығысқан. 350 жолаушысы бар пойызда болған 130-ға жуық адам зардап шеккен, 25-тен астамы ауыр жарақат алған (күйіп қалғандар да бар). 214 адам автобуспен Салоники және Лариса қалаларына жеткізілді, олардың арасында 58 адам жеңіл жарақат алған.

Үш вагон рельстен шығып кетіп, өрт басталған. Апатқа кім кінәлі екені әзірге белгісіз. Мұндай апат Грекия тарихында алғаш рет емес, 1968 жылы екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 34 адам қаза тапқан.