Грекия парламентінің ең жас депутаты Шымкент тумасы болып шықты

0

Грекия парламентінің ең жас депутаты Қазақстанның тумасы екен. Бұл туралы Мария Апатзидидің Қазақстанның елшісі Алексей Волковпен кездесуінде белгілі болды. 

Мария Апатзиди Шымкент қаласының дүниеге келген, ол- Грекия парламентінің ең жас депутаты.

Бұл туралы Stan.kz жазды.

Әйел Афина қаласында Алексей Волковпен кездесті.

Кездесу барысында Апатзиди мен Волков Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективалары туралы әңгімелесті.

Апатзиди Қазақстан мен Грекия арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалог арқылы жандандыру қажеттілігілімен келісті. Депутат Қазақстанның тумасы бола отырып, өткен ғасырдың соңында тарихи отанына оралған этникалық гректердің арасында Қазақстанға және елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени үдерістерге қызығушылықтың артып жатқанын атай отырып, екі ел арасында туристтер алмасуды кеңейтудің жоғары әлеуетіне назар аударды.

 

«Сонымен қатар, депутат  екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөніндегі бастамаларды қолдауға өзінің ынталы екендігін білдірді. Осыған растау ретінде Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Грек Республикасының туризм министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды Грекия парламентінің пленарлық отырысында мақұлдау барысында өзі мүшесі болып табылатын «MeRA-25″партиясының толық қолдау білдіргенін келтірді», — делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Кездесу соңында тараптар байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, кең ауқымды мәселелер бойынша Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен жұмыстардың келешегін белгіледі.