Қайрат Нұртас есірткіге қатысты сұраққа жауап берді

0

Кеше әлеуметтік желілер мен сайттарда есірткіге байланысты Қайрат Нұртастың аты аталған жазба жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, өзін Гаухар Мұсамын деген қыз «Есірткі шегетінім рас, бірақ оны тасымалдаған емеспін, әншілер мен есірткі сатушылар арасында делдал болдым, бірақ есірткі тасымалдап жүргенімді өзім білмедім» деп жазған болатын.

KzNews.kz тілшісі Қайрат Нұртастың арнайы өкіліне хабарласқан болатын.

«Бұл кезекті өтірік, әлеуметтік желідегі адамдардың өзіне рейтинг жаинауы үшін қолдан жасалған жалған ақпарат» деді әншінің ресми өкілі.