Головкиннің бапкері жаттықтыратын боксшы допингпен ұсталды
Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бас жаттықтырушысы – мексикалық бапкер Абель Санчес
АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Бокс туралы танымал басылымдардың бірі BadLeftHook.com америкалық боксшы Райан Мартиннің допинг-сынамасы оң нәтиже берген соң, оның бапкері Абель Санчес Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек алдында допингпен ұсталған Сауль «Канело» Альваресті талай рет жерден алып, жерге салғанын бетіне басты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Өткен айда жұдырықтасқанда, жекпе-жектің тоқтатылғанына қарамастан, Мартин Тэйлорға қарсы ештеңе істей алмады. Бұл проблема да абыройын қайтарып алуға кедергі болады. Оның үстіне «Канелоны» қатты сынап, жерден алып, жерге салған бапкер Абель Санчес те ыңғайсыз жағдайға қалып отыр», — делінген мақалада.
Айта кетсек, Головкиннің бапкері Абель Санчестің шәкірттерінің бірі Райан Мартиннің допинг-сынамасында тыйым салынған экзогенді тестостерон табылды.
Кезінде «Канелоның» сынамасынан кленбутерол қалдықтары табылған болатын.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/