Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі деп танылды

0

2018 жылғы 30 желтоқсан 02:22 510

Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі жылдың үздік жекпе-жегі деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі The Ring журналының тұжырымы бойынша жылдың үздік жекпе-жегі деп танылды, деп хабарлайды Qazsport телеарнасы.

2018 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Головкин төрешілердің шешімі бойынша мексикалық боксшыға есе жіберіп, чемпиондық атақтарынан айырылған болатын. 

Ал жылдың үздік боксшысы болып украиндық Александр Усик болды. Ол биыл WBSS турнирінің финалында ресейлік Мурат Гассиевті жеңіп, Әлемнің абсолют чемпионы атағына ие болды. Сондай-ақ, Усик қараша айында ауыр салмақтағы британдық экс-чемпион Тони Белльюді нокаутқа жіберген болатын
Еске салсақ, бокс туралы жазатын танымал The Sweet Science басылымы да Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші рет айқасын 2018 жылдың үздік жекпе-жегі деп атаған еді. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz