Головкин — «Канело» үшінші жекпе-жегі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі ресми түрде жарияланбаса да, түрлі басылымдар болжам жасап жатыр
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. The Mirror газеті қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Канеломен» жұдырықтасқанға дейін Головкин 37-ге толады. Қазір қарқыны төмендеп, мансабы аяқталайын деп қалды. Көпшілік 2019 жылы қос боксшы кездессе, төрешілердің бәрі «Канелоның» жағына шығады деп сенеді. Головкин кезінде өзгелердің зәре-құтын қашыратын күшін қайтара ала ма?»— деп жазады басылым.
Естеріңізге сала кетсек, «Канело»— GGG алғашқы жекпе-жегі тең аяқталып, дау тудырса, екінші жолы төрешілердің шешімімен мексикалық боксшының мерейі үстем болған еді.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/