Қытай билігі 2020 жылы құлайды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазіргі кезде қытайды билеп тұрған Қытай Коммунистик Партиясы 70 жылдық тәрихында бұрын-соңды болмаған дәрежеде күшейді әрі осы барыста қытай билігінің АҚШ-ты басып озып дүниеге қожа болудай ниетіде асқына бастады. Күшейіп байыған қытай билігі сыртқа қарата жымсымалықпен ықпалын кеңейту, ал ішке қарата құтырына басып-жәншу саясатына айқын түрде көше бастады. Кедей кезінде тым кішпейіл келетін қытай билігі күшейген соң өзінің кім екенін ұмытып кетті, Қазақтың “семіздікті қой көтереді” деген тәмсілі осындайда айтылса керек. Бертінгі жиырма жылдықта қытай билігі зор жетістікке жету үшін АҚШ-пен батыс мемлекетіне жан-жақтан тереңдеп сіңіп кірді. Мәліметтерге қарасақ АҚШ-та Қытайдың 30 мыңдай ерекше тыңшылары (саясаткер, ғалым, профоссер, инженер т.б.ларды қамтйды), 200 мыңнан артық жәй-жартылай тыңшылары, құлақтары бар екен. Олардың басты мындеті ақпарат жинау, ең озық немесе құпия технологияларды ұрлау, АҚШ-тың саясаткерлерін паралап сатып алу арқылы озінің сөзін сөйлету, ақпараттық жаулау жүргізу, ақша жуыу, т.б.лар болған.

Айта кетерлігі қытайдың зор дамуға қол жеткізуінің бір үлкен тірегі осы ұрлық еді, себебі Қытай билігі АҚШ-тың технологияларын әр түрлі жолдармен ұрлап жылына 200 де 500 милярд доллар арам табысқа қол жеткізіп келген. Қытай билігі бұдан тыс дүниедегі ең ірі, ең ықпалды барлық ақпараттық медияларды (WSJ, BBC, CNN, NYT, Fox және Bloomberg т.б.) паралап сатып алу арқылы, олардың қытай билігінің қылмысы және қытайда болған шын ақпараттардың дүниеге таратуына шектеу қойған. Мәселен қытай билігінің Шыңжаңдағы Ұйғыр, Қазақ және Қырғыздарға істеген зулымдықтары екі жылдан соң әзер батыс әлеміне біліне бастауы осының бір мисалы еді. Қысқасы батыстың ірі медияларына “ауыз жаба тұру” ақысын төлеген. Қытай билігіне қарсы адамдардың шетелге қашып кетуін тосу үшін халқаралық Интерполдың президенттік орнын сатып алған. Қытай билігіндегі аса ықпалды бір топ “жемқорларды жою, қара күштерді тазалау” деген естір құлаққа жағымды естілетін науқандарды бастап, қытайдағы жеке фирмалармен байлардың байлығын тартып алды. Кез келген уақытта кез келген адамға кез келген айыпты жанқалтасынан шығарып таға салуда қытай билігінің үйреншікті әдеттерінің бірі еді. Қытай билігінің бұндай әділетсіз, теңсіз әрі жымсымалыққа толы әркеттерін тізе берсе том-том кітаптақа жүк болар.

Қытайдың түпкі мақсаты дүниенің қожасы болу, ал қожа болу үшін олар алдымен АҚШ-ты басып тұқырту керек. Алайда АҚШ-пен батыс болса бір жылдан бері Қытайдың өздеріне әлдеқашан бастап кеткен осы аса қатерлі шабулымен қара ниетін байқай бастады әрі Қытайға қарата дереу іске кіріспесе кеш болатынын анық сезді. Қытай Коммунистик Партиясы аман тұрғанда олар өздеріне ертеме кеш бір сұмдық залалдың келетініне көздері әбден жетті. Осы себепті АҚШ билігі Қытайға қарата сауда соғысын бастап кетті, ал АҚШ-тың талабына көнгісі келмеген Қытай билігі сауда соғысын онан арман ұшықтырып, АҚШ-пен Қытайдың өзара жан-жақтылы қарсыласуына апарып соқтырды.

Жарты жылдан бергі АҚШ-пен батыстың қысымымен құрсаулауының нәтижесінде Қытайдың АҚШ-пен батыстағы бұрынғы еркін әрекеттері едауыр тосқындыққа ұшырап, тынысы тарыла бастады. Ал батыстың Қытайға жүргізген сауда соғысымен қаржылық шектеулері Қытайдың ішкі өлкелерінде милиондаған фирмалармен фабрикалардың күйреп, қаңырап бос қалуын келтіріп шығарды, сонымен бірге елу милион Қытайдың жұмыссыз қалуына апарып соқты. Осындай келеңсіздіктерді Қытай билігіде жасыра алмаған сияқты, себебі Қытай билігінің өз ақпараттары қытайлықтарды “шөп жеп күн өткізетін” немесе “бір нанды он адам бөліп жейтін” қиын күндерге идиялық жақтан дайындықта болуын жұмсақтап-астарлап ескертеде бастады, тіпті қытай билігі солтүстік көрейдің жолымен жүретіндігінде жасырмауда. Бұл ескертулерден қытай билігінің ішін аса бір сұмдық өрттің күйдіріп бара жатқанын білеміз. Тағы бір ескерерлігі қытайдағы милиондаған шетелдің фирмаларының қытайдан кетіп жатқанынада біраз уақыт болды. Кейбіреуі АҚШ-пен батсқа көшіп жатса, көбісі Индия, Ветнам, Индонезия және Тайланд секілді шығыс-оңтүстік азия елдеріне көшіп кетуде. Көшу себебі қытай билігінің орнсыз талаптары мен сауда ұрысының әсерінен болған.

Бұнда ең маңызды бір іс – шетелдегі қытай милиядер Майлс Куоктың (Miles Kwok – Guo wengui – 郭文贵 – Гуо уынгүй) ісі болмақ. Қытай билігі үшін Майлс Куок ісі барлық істенде маңызды күн тәртіпке енген. Қытай билігі оны әртүрлі жолдармен АҚШ-тан қытайға алып әкетуге бар күшін салды, тіпті жасырын қастап өлтірмекке де ұрынды, алайда қытай билігінің бұл әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. АҚШ билігі оны қайтарудың орнына FBI-дың арнайы тобымен қытай билігінің жасырын қастық жасауынан қорғауда. Майлс Куок болса АҚШ билігіне қытай билігінің ең жоғарғы басшыларының жемқорлық фактылерімен неше мыңдаған аса құпия хұжат-жобаларын тапсырған әрі оның ішінде қытайдың АҚШ билігін қалай меңгеріп алу, өзіне қарату қызыл хұжаттарыда болған. Айтылуынша ол АҚШ Трамп билігінің қытай билігіне қарата жүргізген саясатында перде артындағы стратегиялық ақылшылық рол атқаруда әрі АҚШ-тың қытай билігін қалай ауыздықтауда аса маңызды жұмыс істеген адам саналады, сондықтанда қытай билігі бар күшпен оның үнін өшірмекке жан салуы шарытты бір іс болатұғын. Тіпті таңғалдыратыны сол, егерде қытай билігі аударылып жатса осы топ қытайда бүліктің алдын алып бейбіт түрде билікті өткермелеуге дайындалуда делінген ақпараттарда таралуда.

Қытайдың биылғы ішкі GDP-інде теріс арту болған, бұл мәселелер қытай билігінің бас ауруына айналды. Оның ұстіне қытай билігіндегі Ши-Уаң тобы, Жияң тобы және Ху тобы арасындағы өзара қайшылықтармен тартыстар жүрілуде, тіпті президент Ши жин пиңде өз жеке басына қауіпсіздік сенімі жоқ. Қазір қытай билігі ішінде кезкелген ойламаған оқыс істің туылуы әбден мүмкін жағдайда тұр. Қытай билігінің кейбір ақпараттары 2019-жылдан бастап қытайдағы бүккіл полицияларға шексіз билік беретінін, оларға сот ұкімі жүрмейтінін жәриялады әрі аса көп сандағы полицияларды жұмысқа қабылдауда, бұның барлығы алдан келе жатқан әрқандай ірі халықтық көтерілістердің алдын алу үшін дайындық еді. Сонымен бірге бұл қытайдың фашиттік сипатқа көше бастағанының анық бір белгісі.

АҚШ-тың әртүрлі қысымдары қытайдың арманын түске, “бір жол бір белдеуын” өлген жолға, ал қытай нарығын күлге айналдыруда. Оның үстіне қытай билігінің жәй қытай халықына қарата, жергілікті ұлыттарға және дінге сенетін жұртшылық мұсұлмандарға, бұддистерге, христандарға қарата жүргізген езгісімен бақылап-басқаруы күн сайын үдеп келеді, осылайша қытай билігі өз қолымен бір күні жарылатын аса ірі саяси бомбаны өздері даярлауда. Шетелдегі қытай милиядер Майлс Куок басшылығындағы қытай билігіне қарсы шыққан аса серпінді жаңа күштердың қарқынды әрекеттері қытай билігін онан арман састыра түсуде. Осы барған сайын шиеленіскен ішкі-сыртқы қысымдар қытай билігін біртіндеп ырықсыз күйге түсіріп, ел экономикасын тез жылдамдақпен құлдыратуда, ал қытай билігі бұған ұзақ уақыт төтеп бере алмайды, көп болса бір-екі жыл ғана шыдастық бере алады. Бұның соңы қазіргі Қытай Комминистик Партя билігін тақтан тайдырып жаңа қытай билігін пайда етуы әбден мүмкін әрі бұл қауып күн санап артып келеді, сондықтан 2019-2020-жылы Қытай билігі аударылатын ең нұқталы кезең. 2020-жыл бітпей жатып қытай билігі аударылып, оның орнына бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болуыда еш ғажап емес, бәріне уақыт төреші.

 

Ерғали Есілов, Астана

Загрузка...