Головкин Альварес – Джейкобс жекпе-жегі туралы пікір білдірді

0
405

12 раундқа созылған жекпе-жек Альварестің пайдасына шешілді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Альварес пен Джейкобстың жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бүгін ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе көрген жоқпын. Жай ғана жақсы спарринг-матч болды. Іш пыстырды. Жанкүйерлер бұдан да жақсысына лайық», – деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетсек, бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ның шаршы алаңында мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс WBA Super, WBC және IBF белдіктеріне таласты.

«Канело» Джейкобсты жеңді – видео

Жекпе-жек 12 раундқа созылды. «Канело» ұпай санымен жеңіске жетті.

Бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегін Геннадий Головкин де тамашалады.

sputniknews.kz