Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды
Қазақастан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор қызметіне тағайындалды. Бұл туралы 18 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент өкімімен Қайрат Қожамжаров басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан бас прокуроры лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2017 жылдың 11 желтоқсанында тағайындалған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ғизат Нұрдәулетов бұған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ол 1964 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысында прокуратурада жұмыс істеген. 1997 жылдан бастап 20 жыл ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.
2017 жылдың шілдесінде бас прокурордың бірінші орынбасары болып тағайындалған.