Германияда екі ұшақ соқтығысып қалды

0
19 Қараша 2018, 09:59 84 0

Фото: informator.news

Астана, BAQ.KZ. Кюкховен қаласында екі ұшақ соқтығысып қалды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды.

«Аэродромда жеңіл моторлы екі ұшақ тоқтығысты. Екі ұшақтың біріндегі ұшқыш қаза тапты», — делінген хабарламада.

Басылымның хабарлауынша, қаза тапқан ұшқыш 70 жаста. Екінші ұшақтағы 60 жастағы ұшқыш ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Ұшақтардың соқтығысу себебі әлі белгісіз. Сол күні ауа райы жағдайы өте қолайлы болған. Қылмыстық полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ