Германия НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа дайындығын бастады – БАҚ
Берлин НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа араласуға ниетті. Германия қорғаныс министрлігінің сценарийі бойынша ол 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германия әскерінің құпия құжаты басылымға жеткен.
Құжатқа сәйкес, НАТО-ның бас қолбасшысы шығыс қанатқа 300 мың әскерді, оның ішінде 30 мың Бундесвер сарбазын жіберуге бұйрық береді.
Эскалация 2024 жылдың ақпанында Ресейдің Украина қарулы күштеріне белсенді шабуылынан басталуы мүмкін.
«Құпия құжатта Ресей мен Батыс арасындағы соғыстың басталу уақыты мен жері толық сипатталған», – деп жазады басылым.
Белгілі болғандай, қақтығыстың ең ықтимал орны Сувалки дәлізі – Белоруссия мен Калининград облысының аумақтары арасындағы шамамен 100 шақырымды құрайтын, шын мәнінде Польша мен Литва шекарасының бойымен өтіп, Балтық жағалауы елдерін басқа елдерден бөлетін жер болмақ.