Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ауысты

0

Марат Құсайыновтың орнына Сұлтан Қамалетдинов келді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштердің бас штабы бастығы лауазымынан босатылды. Оның орнына Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов келді. Ол бұған дейін министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ, Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.