Геометриялық пішіндер, заттардың түстері, қарапайым математикалық ұғымдар

0
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу — қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір — бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау. Қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту. Ойлау қабілетін, көріп тану, зейінін, есте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Әдіс — тәсілдері: түсіндіру, сұрақ — жауап, әңгімелеу, дамытушы ойындар.
Қолданылатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, түрлі — түсті шарлар, тиісті суреттер, слайд.

Мотивациялық — қозғаушылық Қайырлы таң балалар!
Сендер бүгінгі математика оқу — қызметіне қандай жайдарлы, қуанышты, ақжарқын болып келгенсіңдер!
— Балалар, бүгінгі біздің оқу — қызметіміз ерекше, өйткені бізге қонақтар келіп отыр, барлығымыз бұрылып амандасып шығайық.
— Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Кәне барлығымыз бірге амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Армысың аспан әлемі,
Армысың мейірімді Жер — ана.
Армысың менің достарым,
Сәлем бердік сіздерге!
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
— Бүгін бізге сиқырлы хат келіпті, сол хаттың ішін — де сендерге арналған тапсырмалар бар екен, балалар тапсырмаларды орындайсыңдар ма, дайынсыңдар ма?

Ұйымдастырушылық — ізденуші
1 — тапсырма.
— Балалар білетін геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейік. Қандай пішіндерді білесіңдер?
— Пішіндерді кезек — кезек тақтаға
іліп, оларды дұрыс атау:
— Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (дөңгелекті көрсетіп).
— Дөңгелекке доп, тәрелке ұқсайды ма? (суреттерін іліп көрсету, түсіндіру)
— Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (үшбұрышты көрсетіп)
— Үшбұрышқа не ұқсайды? (таудың, қайықтың желкені, үйдің шатырының суреттерін іліп), олар үшбұрышқа ұқсайды ма?
— Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (сопақшаны көрсетіп)
— Сопақшаға не ұқсайды? (қауынның, жұмыртқаның суреттерін іліп), олар сопақшаға ұқсайды ма?
— Бұл геометриялық пішін қалай аталады? (төртбұрышты көрсетіп)
— Төртбұрышқа не ұқсайды? (теледидардың, көп — қабатты үйдің, терезенің суреттерін іліп) олар төртбұрышқа ұқсайды ма?
Дидактикалық ойын «Салыстыру».
Суретте берілген жемістерді санау арқылы қайсысы көп, қайсысы аз екенін таңба арқылы белгілеу.

2 — тапсырма.
Түрлі – түсті қиылған дөңгелек қағаздарды түстері бойынша тиісті ыдыстарға сал (қызыл түсті дөңгелекті — қызыл ыдысқа, сары түсті дөңгелекті — сары ыдысқа, т.с.с.)
Геометриялық пішіндер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/