Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің рейтинг тақтасы

0

8

9

10

Аңдатпа

Дипломдық жобаның тақырыбы:

Оңтүстік Қазақстан политехникалық

колледжінің рейтинг тақтасы (PHP+MySql)
Дипломдық жобаның мақсаты колледждің кураторлары мен топ
оқушыларының жеткен жетістіктерін, колледжде болып жатқан іс — шараларды
енгізіп жүйенің басты бетіне автоматты түрде жариялап отыратын рейтинг
бағалау жүйесін құру. Есептің берілу тәсілі, есептің шешу алгоритмі,
қолданушы мен бағдарламалаушыға нұсқаулар да қарастырылған. Жалпы білім
ордаларына арналған бұл жүйе студенттер мен мамандықтар арасында
бәсекелестікті арттыруға, соның себебінен білім сапасының жоғарлауына, ата-
аналар мен колледж арасын жақындатуға септігін тигізеді.
Жалпы дипломдық жоба барлық жағынан толық қамтылған және
қолданысқа енген.

Аннотация

Тема дипломной работы: Рейтинг доска Южно-Казахстанского
политехнического колледжа (PHP+MySql)
Цель данного дипломного проекта является составить рейтинговую
систему оценивания кураторов и студентов групп, их оценок, научных
проектов. В данном проекте расматривался алгоритм решения задач и
применения для пользователя и программиста. Эта система предназначена для
повышения конкуренции между студентами разных специальностей, и
соответсвенно увеличения качества знаний, а так же установить связь между
родителями и колледжем.
Дипломный проект полностью и разносторонно расмотрен и уже
применяется в данном учебном заведении.

Annotation

Theme of this diplom proekt is: Rating Board of South Kazakhstan Polytechnic
College (PHP + MySql)
The aim of this diploma project is to make a rating system evaluation curators
and students groups, their assessments, scientific projects. In this project we are risen
algorithm for solving and application for user and programmer. This system is
intended to increase competition between students of different specialties, and
correspondingly increase the quality of knowledge, as well as to establish
communication between parents and college.
This diplom project fully and versatilly reviewed and is already used in this
institution.

11

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …14
1. Аналитикалық бөлім … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …16
1.1 Ақпараттық технологияларының оқу процесін басқаруда қолданылуы … … … … … … … 16
1.2 Пәндік облысты зерттеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .18
1.2.1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қысқаша сипаттамасы … … … … … 18
1.3 Оқу процесін автоматтандыру … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..24
1.3.1 Оқу процесі басқару объектісі ретінде … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 24
1.4 Қазіргі уақытқа бар оқу процесін басқару жүйесі аналогтарын талдау … … … … … … … ..28
1.5 Есептің қойылуы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .29
2. Жобаны жүзеге асыру үшін инструменталды құралдарды таңдау … … … … … … … . … … … .31
2.2 Есептің шешілу алгоритмі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .33
2.2.1 HTML-де BODY элементiмен жұмыс … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .33
2.2.2 Мәтiндi абзацтарға бөлу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …34
2.2.3 Тақырыптармен жұмыс … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .35
2.2.4 Мәтiн фрагменттерiн безендiру. Қаріптермен жұмыс … … … … … … … … … … … … … ..36
2.3 РНР туралы негізгі ұғымдар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..38
2.3.1 РНР дің пайда болуы және даму тарихы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .39
2.3.2 PHP-да айнымалылар және экранға шығару … … … … … … … . … … … … … … … … … … .41
2.3.3 Қарапайым логиткалық және шаррты операторлар: … … … … … … … … … … … … … … .43
2.3.4 Уақыт пен мерзім: … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..45
2.3.5 Қатарлармен жұмыс … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …48
2.4 Php және MYSQL … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 50
2.5 HTML негiздерi … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .51
2.6 Javascript — скрипті бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 53
2.7 CSS бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …55
2.8 Дерекқорды таңдау. MySQL дерек қоры … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..57
3 Web — жүйені құруда жобалау және оны іске асыру … … … … … … … … … … … … … … … … .59
3.1 Пәндік облысты UML құралдарымен талдау … … … … … … … … … … … … … … … … … … .59
3.2 Дерек қорының реляционды қатынастарды құрастыру … … … … … … .. … … … … … … … ..61
3.3 Жүйе интерфейсінің сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 61
3.3.1 Бөлім меңгерушісінің беті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 63
3.3.2 Куратор беті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 65
3.4 Бағдарламашыға нұсқау … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 68
3.5. Пайдаланушыға нұсқау … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..70
4 Тіршілік қауіпсіздігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .71
4.1 Программалық өнімді жасау кезінде зиянды, потенциалдық факторларды талдау … … ..71
4.2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 73
4.3 Табиғи жарықты есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 77

12

4.4 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … …80
5 Технико — экономикалық негізделуі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..81
5.2 Нарықты саралау және орнын анықтау … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …81
5.3 Бағдарламаның SWOT-анализі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .82
5.4 Маркетинг-микс элементі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .82
5.5 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі … … … … … … … .83
5.5.2 Еңбекақыға жұмсалатын шығындар … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 84
5.5.3 Қосымша шығындар статьясы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .85
5.4 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі мен диаграммасы … … … … … … … … … … … … … … … …88
5.6 Бағдарламаның бағасына есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .90
5.6.3 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі шығындарын
есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .90
5.6.4 Қолдану саласындағы жылдық шығындарды есептеу … … … … … … … … … … … … … .91
5.6.5 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу … … …91
5.7 Ақшалай құралдардың қозғалысы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 93
5.8 Экономикалық тиімділікті есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …94
5.8.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) … … … … … … … … … … 94
5.8.2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) … … … … … … … … … … … … … … … … 94
5.8.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) … … … … … … … … … … 94
5.8.4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) … … … … … … … … … … … … … … ..95
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .97
Әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .98
Қосымша А … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …99

13

Кіріспе

Алғашқы қазіргі заманғы есептеу машиналары болмаған кезде адамдар
барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды
дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады.
Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы
компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге,
тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын
пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік
береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады. Осындай
компьютерлерлік программаларды ойлап шығару және дамыту ғылыми және
тәжірибелік әрекет салаларында жаңа технологиялардың пайда болуына әкеліп
жатыр. Осындай салалардың бірі — білім беру болып табылады. Білім беру-
жүйеленген білім, дағды және шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа тарату процесі. Өзі
алып ақпараттық сала болып, әр түрлі классикалық (компьютерлік емес)
ақпараттық жүйелерді қолдану тәжірибесіне ие бола тұра білім беру саласы
қазіргі заманғы жаңа техниканың мүмкіндіктеріне тез назар аударды. Біздің көз
алдымызда оқумен байланысты дәстүрлі емес ақпараттық жүйелер пайда болып
жатыр.
Қазіргі заманғы жоғарғы және орта білім беретін оқу орындары да жаңа
жетістіктерді қолданып жатыр. Оған жаңалық ретінде рейтинг жариялау
кестесін құрастыру әлі де жиі қолданысқа енбеген. Колледждің рейтинг
жариялық және жарнамалық қызметін атқарса, екінші жағынан көбінесе білім
беру процесінің іскерлік және нормативті жақтарын сипаттайды.
Қазіргі уақытта оқу жүйесінің процесінде көптеген жаңа енгізулер пайда
болып жатыр. Оқу процесі студенттерден білім алу мен өз оқу жоспарын
ұйымдастыруда көбірек өз бетімен әрекет етуді талап етеді. Сол себептен
студенттерде өз үлгерімін басқару мен оқу жоспарын ұйымдастыруда
қиындықтар туындайды. Осындай түрдегі мәселелерді шешу үшін
университетке арналған PHP тілінде ОҚПК студеттерінің жетістіктері
жарияланып отыратын жүйе құру ұсынылады. Берілген аспектілер тақырыптың
өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың жаңалығы — қазіргі кезде жарнамалық және ақпараттық
типтегі қазақстандық колледждер жүйелерінің болуына қарамастан, олардың
көпшілігінде студенттердің оқу процесіне бәсекелестік, ыңғайлылық тудыруға
арналған кең функционал қарастырылмаған. Осылайша, бұл мәселе қазір
шешілмеген күйде. Ұсынылып отырған жоба бірнеше мәселелердің шешілуін
жүзеге асырады. Бұл порталда әр студент рейтинг тақтасынан өз тобы және
өзіне тиесілі барлық ақпаратқа ие болады, олар: топ үлгерімі, білім сапасы,
үздік оқушылар саны, үлгермеушілер саны, сабаққа қатысуы, тәртібі, құқық
бұзушылық, шығармашылық, ғылыми-ізденіс жұмыстары, топтың қоғамдық
жұмыстары жалпы қорытынды рейтингі және т.б. [1].

14

Жобаның басты мақсаты: PHP тілінде ОҚПК студеттерінің оқу
процессінің керекті ақпараттары және жетістіктері жарияланып отыратын жүйе
құру. Бұл жүйе арқылы кез-келген студент және колледж қызметкері өзі
қызықтыратын топтың үлгерімін, сабаққа қатысуын және басқа да жетістіктерін
қадағалай алады. Осы мақсаттарға жету үшін PHP, HTML, CSS тілінің
қолданыс саласын жан-жақты меңгеру керек және коледжде оқу барысындағы
кездескен қиындықтарды керек. Бұл жүйе жаңа ғасыр студенттеріне бірден —
бір көмекші.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:
PHP, HTML, CSS тілінің қолданыс саласын жан-жақты меңгеру керек
және коледжде оқу барысындағы кездескен қиындықтарды керек. Бұл жүйе
жаңа ғасыр студенттеріне бірден — бір көмекші.
Білім беру процесінде Интернет технологияларын қолдану шарттарын
талдау.
Колледждерге арналған басқару құралдарының қазіргі кезде бар
аналогтарын, олардың құрамы мен функцияларын зерттеу.
Орта білім беретін колледждердің оқу процесінің ерекшеліктерін
ескере отырып, WEB — жүйесінің құрылымын дайындап, оны жүзеге асыру.
Дипломдық жоба бес бөлімнен тұрады.
Аналитикалық бөлімде осы мәселенің қазіргі таңдағы күйі, оқу процесін
автоматтандырудың ерекшеліктері мен мәселелері және бұл жобаны іске асыру
үшін қолданылатын инструменталдық құралдар қарастырылған. Дипломдық
жұмыстың жобалық бөлімінде порталдың құрылымын UML тілінің құралдары
арқылы талдау, оның қаңқасын құру және дерекқорды жобалау сипатталған.
Бұл бөлімде порталды жобалау және оның іске асырылуы бойынша толық
ақпарат қамтылған. Тәжірибелік бөлімде құрылған бағдарламалық өнімнің
интерфейсі сипатталып,оны қолдану бойынша нұсқаулар берілген. Нұсқаулар
визуалды түсіну үшін схемалар мен суреттермен толықтырылған.
Жұмыста бағдарламалық өнімді қолдану кезіндегі еңбек шарттарын
талдау жүргізілген.
Экономикалық бөлімде жобаның экономикалық тиімділігін дәлелдейтін
бизнес-жоспары құрылған.
Аяқтай келе жоба бойынша қорытындылар жасалды, оны қолданысқа
енгізу және ары қарай жетілдіру жолдары анықталды.

15

1. Аналитикалық бөлім

1.1 Ақпараттық

технологияларының

оқу

процесін

басқаруда

қолданылуы

Қазіргі заманда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар ерекше
орын алады. Компьютерді қолдану дағдарысы, күнделікті жұмыста ақпараттық
және телекоммуникациялық технологияларды, интернет желісінің

мүмкіндіктерін қолдана білу —
қазіргі күннің шындығы.
Ақпараттық

технологиялар оқу процесінің ұйымдастырылыуының өзгерістерістеріне алып
келеді. Олардың білім жүйесінің ұйымдыстырылуы мен білім беруші
мекемелерді басқарудағы нақты рөлі мен орнын анықтау өте маңызды.
Сондықтан білім беру жүйесінің ақпараттандырылуының екі бағыты бар:
ақпарат технологияларын тікелей оқу процесіне енгізу және білім беруді
басқару жүйесін ақпараттандыру.
Білім беру мекемесінің қызметі басшылар мен олардың орынбасарлары
ақпаратқа қаншалықты ие бола алатындығына, олар ақпаратты қаншалықты
тез өңдеп, оқу процесінің қатысушыларына жеткізе алатындығына тікелей
байланысыты [1]. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
басқару қызметінің сапасы мен мәдениетін айтарлықтай жоғары деңгейге
көтеруге, даму режимінде жұмыс жасауға арналған қорларды құруға мүмкіндік
тудырды. Білім беру жүйесін кешенді ақпараттандыру шарттарындағы оқу
процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызатын факторлар:
оқу мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерден ақпаратты алу
шапшаңдығы;
тура және кері ақпарат ағындарының төмендеуі;
есептілікті алу мен өңдеу шапшаңдығы;
нормативтң қорлар, материалды-техникалық қорлар, оқу орнының
кадрлық құрамы және педагогтардың жұмыс тәжірибесі туралы ақпаратты
жүйелік сақтау және тез қолдану;
ағымдағы ақпаратты талдау, бақылау және дайындау функцияларын
іске асыруға мамандардың уақытын үнемдеу;
компьютерлік техника мен бағдарламалық өнімді сәйкестендіру;
ақпаратты бейнелеудің, оқу сабақтарының жаңа формаларын,
педагогикалық және басқаруға арналған жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану;
білім сапасын бағалау механизмін сүйемелдеудің компьютерлік
жүйесін жүзеге асыру;
компьютерлік оқыту желілерінің кең мүмкіндіктерінің арқасында
педагогтардың методикалық жұмысын күшейту.
Оқыту процесінде педагогикалық қызмет шеңберінде компьютер
келесідей қолданылады:
16

әр түрлі объектер мен процестерді моделдеу, оқу материалдарын
баяндауда, лабораториялық және практикалық жұмыстарды өткізген кезде
көрнекілік деңгейін арттыру үшін арналған дидактикалық құралдар ретінде;
білім беру құрамын жүйелеу және логикалық реттеу үшін, жаттықтыру
және білімді тексеру үшін;
оқушылардың дамуын психологиялық-педагогикалық бақылау үшін.
Бұл бағытта дайын және мұғалімдер немесе студенттер құрған бағдарламалық

өнімдер қолданылады. Оған электронды оқулықтар,
оқуға арналған

анықтамалар мен есептер жинақтарының дерек қоры.
Соңғы жылдарда қазіргі оқуды Интернет қорларын қолданусыз көзге
елестету мүмкін емес. Интернет желісі білім беру қызметтерінің алып
мүмкіндіктерімен қамтылған. Желі арқылы Интернет-дүкендерден кітаптар
алынады. Интернеттің білім ресурстарын зерттеу бойынша жұмыстар әрдайым
жүргізіледі.
Басқару кадрларының қызметі үшін де ақпараттық технологияларды
енгізу мәселелері өзекті болып табылады. Қазіргі заманғы басшылар өсіп келе
жатқан ақпарат ағынында бағдарлану үшін компьютер мен байланыс
құралдарының көмегімен ақпаратты алып, өңдеп, қолдана білу керек. Басқару
қызметінің тиімділігі көбінесе кадрлардың дайындық деңгейімен анықталады.
Себебі ақпараттық технологияларын әкішілік жұмысты жүргізуде қолдану
педагог қызметін күшейтуге септігін тигізеді. Егер оқу орнын басқарушы өзі
басқаруда ақпараттық технологияларды қолданса, және оны оқыту процесіне
енгізудің аса маңыздылығын түсінсе, ол ақпараттық ұжымды құратын
мұғалімге барынша ықпал етеді.
Жоғары және орта білім оқу орнының басшысының басқару қызметі
зияткерлік және ғылыми болып бара жатыр. Басшылар ақпаратық
технологияларды есептер құрғанда, оқушылар мен оқытушылардың дерек
қорын жасағанда, іс жүргізуде, нормативті-құқықтық құжаттармен жұмыс
жасағанда, оқулық-методикалық жұмыстар мен келісімшарт қызметін
ұйымдастырғанда қолданады.
Ақпараттық технологияларды жоғарғы және орта оқу орнын басқаруға
енгізу келесі мүмкіндіктерді береді:
құжаттармен жұмысқа кететін еңбек шығындарын үнемдеу;
басқарушылық шешімдерді қабылдауға кететін уақытты үнемдеу;
комуникативті(ақпараттық) мәдени басқаруды арттыру.
Ақпараттандырудың басқарудың барлық дерлік функцияларына маңызды
әсері білім беруді қазіргі заманғы басқару ақпараттық ағынды басқаруға
айналып бара жатқандығымен түсіндіріледі. Ол өз кезегінде техникалық және
педагогикалық сипаттағы тапсырмалардың тізбегіне бөлінеді:
ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ету;
оны тұтынушылардың шеңберін анықтау;

17

ақпаратты қолданушы тек өз деңгейінде ғана алуға рұқсаты
болатындай етіп ұйымдастыру.
Ең бастысы — ақпараттық технологияларды колледжді басқаруда қолдану
тек мақсатты орындауда ғана емес, сонымен қатар жоспарлау, басқару және
бақылау сияқты функциялардың экономикалық тұрғыда шығындарын азайтуға
жақсы әсерін тигізеді.

1.2 Пәндік облысты зерттеу

1.2.1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қысқаша
сипаттамасы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі келесілердің жиынтығы
ретінде анықталады:
сабақтас білім беру бағдарламалары мен түрлі бағыттағы және әр түрлі
деңгейлі мемлекеттік білім беру стандарттары;
білім мекемелері жүзеге асыратын түрлі ұйымдастырушы-құқықтық
формалар, типтер және түрлер желілері;
білімді басқару органдары мен оларға бағынышты мекемелер мен
ұйымдар.
Қазақстанда жүзеге асырылатын оқыту бағдарламалары келесі бөлімдерге
бөлінеді:
жалпы білім беруші (негізгі және қосымша);
мамандық(негізгі және қосымша).
Жалпы білім беруші бағдарламаларға жататындар:
мектепке дейінгі жалпы білім беру;
бастапқы жалпы білім беру;
негізгі жалпы білім беру;
орта(толық) жалпы білім беру.
Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаны жалпы мәдениеттік, ойлау,
адамгершілік, эмоциялық және физикалық дамыту; ғылыми көзқарасын құру;
тұлғаның әлеуметтік ортаға бейімделуі; мамандық білім алу бағдарламаларын
саналы түрде таңдып, меңгеру үшін негіздерін құру мәселелерін шешуге
бағытталған.
Кәсіби бағдарламаларға:
бастапқы кәсіби білім беру;
орта кәсіби білім беру;
жоғары кәсіби білім беру;
университеттен кейінгі кәсіби және сәйкесті қосымша білім беру
бағдарламалары жатады.

18

Кәсіби білім беру бағдарламалары тұлғаның олардың қызығушылығына,
мүмкіндіктеріне және қоғам мен мелекеттің әлеуметтік тапсырысына
байланысты кәсіби мамандық, біліктілікті игеріп, одан әрі дамуына
бағытталған.
Әрбір негізгі жалпы және кәсіби білім беретін бағдарламалардың міндетті
минималды құрамы сәйкесті мемлекеттік білім беру стандартында бекітіледі.
Негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларының өзара байланысы
оқу орындарының жүйесімен іске асырылады. Бұл байланыс 1.1-ші суретте
көрсетілген.

1.1 — сурет — Қазақстан білім жүйесінің құрылымы

19

Өзінің құқықтық-ұйымдастырушылық формалары бойынша білім беру
мекемелері мемлекеттік, муниципалдық, мемлекеттік емес (жеке), қоғамдық
және діни ұйымдардың (бірлестіктердің) мекемелері болуы мүмкін.
Бағыты бойынша метепке дейінгі дайындық оқу орындары жалпы
дамыту, қалпына келтіру (психикалық немесе физикалық дамуын түзету керек
балалар), бағып- емдеу және кешенді түрлерге бөлінеді.
Қазақстанда жалпы орта білім беру жүйесінде:
орта жалпы білім беретін мектептер;
кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер;
гимназиялар;
лицейлер;
интернат типтес білім беру мекемелері;
физикалық немесе психикалық ауытқулары бар балаларға арналған
арнайы мектептер;
қосымша білім беру мекемелері.
Бастапқы және орта кәсіптік білім беру кәсіби-техникалық және
техникалық, гуманитарлық, медициналық, өнерлік және басқа да профильді
орта мамандық білім беру мекемелерінің жүйесімен жүзеге асырылады.
Бастапқы және орта кәсіби білім беретін оқу орындары оқушылардың
жалпы(толық) орта білім алу шарттарын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы кәсіби білім беру жүйесінде университеттер, академиялар,
институттар және колледждер қызмет етеді.
Жоғарғы оқу орындары бакалавриат, магистратура кәсіби білім беру
бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды және қайта даярлайды;
жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрлар: ғылым кандидаттары мен
докторларын дайындайды.

1.2.2 Оқу бөлімшелері — оқу процесін ұйымдастырудың негізі

Оқу процесін ұйымдастыру жоғарғы және орта оқу орындарының оқу
бөлімшелерімен (кафедра,мамандық бөлімшелері және т.б.) жүзеге асырылады.
Нақты оқу бағытындағы оқу процесін ұйымдастырылыуын анықтыйтын негізгі
нормативті құжат оқу жоспары болып табылады.
Оқу бөлімі
Оқу бөлімі — тікелей директорға, ал оқулық-методикалық жұмыстың
сұрақтары бойынша бірінші директордың орынбасарларына бағынышты
колледждің құрылымдық бөлімшесі. Ұйымдастырушылық — методикалық
қатынас бойынша оқу бөліміне колледждің, кафедралары және практика бөлімі
бағынышты.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
— Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу;
— Жылдық оқу жүктемесін жоспарлау;
20

— Нақты еңбек шығындарын есептеу;
— Оқытудың барлық формалары бойынша оқу процесін ұйымдастыру;
— Оқу сабақтарының кестесін бақылау;
— Дипломдарды беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Бөлім штатына келесі қызметтер: бөлім басшысы, басшының
орынбасары, жоғары категориялы методисттер, 1 категориялы методист және
диспетчерлер кіреді.
Бөлім оған қойылған барлық міндеттердің орындалуына, бөлімнен
шығатын құжаттардың растығына, бөлімдегі жұмыс тәртібінің дұрыстығына
жауап береді.
Оқу бөлімі арқылы оқу процесі басқарылады. Оқу бөлімінің жұмысының
негізгі бағыттары:
Мемлекеттік білім стандартының негізінде колледждің негізгі оқу
құжатын құрған кезде бөлімдерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру: кәсіптік
білім бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқу процесінің жоспарлары;
Ақпаратты біріктіру және талдау, басшылықтың оқу процесін басқару
бойынша шешімдерін дайындау;
Методикалық негізделген жоспарлау және оқу процесін ұйымдастыру;
Оқу процесінің сапалылығын және колледждегі мамандарды
дайындаудың барлық формалары бойынша бақылау жүйесін ақпараттық
сүйемелдеу;
Оқу процесін сипаттайтын нормативті-методикалық құжаттарды
әрдайым жақсартып тұру;
Оқу жоспарының орындалуын бақылау;
Студенттердің жеке мәліметтерін жүргізу және колледжді бітіргені
туралы құжаттарды дайынаду;
Оқу бөлімі өз міндеттерін колледж Жарғысын және қызметтік нұсқаулар
мен ережелерді негізге ала отырып өз жұмысын атқарады.
Оқу бөлімінің міндеттері;
— Оқу процесін жоспарлау;
— Кафедра, мамандық, бағыт бойынша жұмыс оқу жоспарларын құру
жұмыстарын координациялау;
— Колледжді жаңа оқу жылына оқу және оқу-методикалық сұрақтар
бойынша дайындау іс-шараларын құру;
— Оқу процесін қамтамасыз ету үшін бланкілер, графиктер, және басқа да
құжаттарды басылымға дайындап қою;
— Оқу процесінің графигін және оқу сабақтары мен емтихандардың
кестесін құру;
— Оқу мақсаттарына бөлінген орындарды бөлуді үлестіру.
— Оқу жүктемесін есептеу, кафедраларға оқыту жұмыстары бойынша
тапсырмалар беру, кафедралардың профессорлы-оқытушылық құрамының
штаты туралы бұйрық жобаларын дайындау;
21

— Профессорлы-оқытушылық құрамның қызметтерінің орнын басуға
конкурстар туралы жариялар және бұйрықтарды дайындау;
— Мамандықтар бойынша атаулы стипендияларды тағайындау туралы
ұсыныстарды дайындау және сәйкес құжаттарды дайындауды қадағалау;
— Оқу процесін бақылау;
— Оқу сабақтарының кестелерінің орындалуын және аудитория, кабинет,
лабораториялардың қолдануын бақылау;
— Оқу процесінің жүрісін қадағалау және сынақ, емтихан сессияларының
нәтижелерін талдау;
— Студенттердің үлгерімін талдау және іріктеу;
— Студенттердің оқу және методикалық әдебиеттермен қамтамасыз
етілуін қадағалау;
— Диплом жобаларын қорғау мен мемелкеттік емтихандарды тапсыру
барысын қадағалау;
— Оқытудың жаңа формаларын, соның ішінде оқу процесін басқаруға
ақпараттық технологияларды енгізу;
— Оқу-лабораториялық қордың дамуын бақылау;
— Профессорлы-оқытушылық құрамның оқу және оқу-методикалық
жүктемесін есепке алуды бақылау;
— Ұйымдастырцшылық жұмыс.
Кафедра
Колледж кафедрасы мамандардың оқу, ғылыми және тәрбиелік
жұмыстарын жүргізетін негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып
табылады.
Мамандарды даярлау жән шығаруға қатысу дәрежесі бойынша
кафедралар келесі типте болады:
Шығарушы кафедра — толығымен студенттерді даярлап шығаруға және
нақты мамандық немесе бағыт бойынша кадрларды таңдап алуға жауап беретін
және басқа туыстас кафедралармен салыстырғанда оқу жоспарының жалпы
білім беруші және арнайы пәндерінің шеңберінде максималды еңбек
сыйымдылық салмағы бар кафедра.
Қамтамасыз ететін немесе шығармайтын (қызметтік) — бұл белгілі бір
бағыт немесе дипломды мамандардың даярлау мамандығы бойынша оқу
жоспарының нақты пәнін немесе бірнеше туыстас пәндерді оқытуға жауап
беретін кафедра. Бұл кафедра барлық әрекет бағыттары бойынша университет
проректорларының ортақ басқарылуында болатын жалпы университеттік
кафедра болуы мүмкін. Сонымен қатар ондай кафедралар профильді бөлімнің
құрамында жұмыс жасап, университеттің туыстас және туыстас емес
мамандықтарының сәйкес пәедерін оқыта алады.
Кей жағдайларда кафедра бір мамандықтарға шығарушы ал басқа
мамандықтар үшін қамтамасыз етуші болып табылады.

22

Жалпы жағдайда шығарушы кафедраның аты бағыттың немесе дипломды
мамандықтарды даярлау мамандық атауымен сәйкес болуы тиіс, ал қамтамасыз
етуші- негізгі оқытатын пән немесе бірнеше туытас пәндер атауымен сәйкес
болуы керек.
Кафедра қызметтері
Кафедра оған директордың бұйрығымен тіркелген барлық пәндер
бойынша оқу, методикалық және ғылыми жұмыстарды барлық оқыту
формаларында жоғары ғылыми методикалық деңгейде қазіргі заманғы әдіс-
тәсіл мен оқыту технологияларын қолдана отырып жүргізеді. Кафедра
студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Оқыту жұмыстары кафедраның профессорлы-оқытушылық құрамымен
лекцияларды оқу, пркатикалық және семинар сабақтарын, лабораториялық
жұмыстарды өткізу және курстық, дипломдық жұмыстармен басшылық ету
арқылы жүргізіледі. Онымен бірге лекцияларды оқу ғылыми доктор,
кандидаттары, профессорлар мен доценттер, аға оқытушылар қатарынан
оқытушыларына тапсырылу керек. Ассистенттерімен және доктаранттармен
лекцияның оқылуы кафедра меңгерушісінің ұсынысымен уақытша тек
орынбасарлардың оқыту кеңесінің рұқсатымен жүргізіледі.
Кафедра оған тіркелген барлық оқу пәндері бойынша әрдайым сапаны
бақылап тұру керек.
Кафедра жұмысының жоспарына міндетті түрде студенттер үлгерімі
мәселелері қосылу керек. Кафедра мәжілісінде студенттердің аралық және
қорытынды аттестацияларының нәтижелері, студенттердің пәндер бойынша
білімін тексерудің бар формаларының жеткіліктігі және олардың мемлекеттік
стандарттарға сәйкестігі, аралық және қорытынды білім тексеруді өткізудегі
талаптардың дәрежесі талданады.
Кафедраға тіркелген оқу жоспарының пәндері бойынша барлық оқыту
формаларының сабақтарын оқу-методикалық қамтамасыз ету үшін кафедра
оқыту-методикалық кешенінің тізімін құрады, оқулықтар және қазіргі заманғы
оқу техникасы мен лабораториялық жабдықтауларды қолданып оқу құралдарын
дайындау.
Кафедра мүшелерінің, сырттан келген ізденушілердің ғылыми
жұмыстарына сын-пікір жазады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялауға
қорытынды береді.
Шығарушы кафедраның қызметтеріне жоғарыда айтылған пункттердің
бәрі кіреді, онымен қоса:
Шығарушы кафедралар уколледждің лицензиясына сәйкес кәсіби білім
алудың түрлі деңгейлері, формалары, оқыту технологиялары үшін негізгі және
қосымша оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.
Жаңа мамандықтар ашылған жағдайда шығарушы кафедра оны жүзеге
асырудан 1 жыл бұрын оқыту жұмысы бойынша директордың
орынбасарларына ұсынылған оқыту бағдарламасын лицензиялауға керек

23

құжаттармен бірге негіздеме ретінде беру керек. Жаңа мамандықтарды ашу
туралы мәселелерді колледждің оқу кеңесі шешеді.
Жаңа ашылатын мамандықтар үшін шығарушы кафедра жүзеге асыруға
кететін барлық шығындарды ескере отырып мемлекеттік стандарт талаптарына
сай үлгілік оқу жоспарын құрады.
Шығарушы кафедра студенттердің практикасының: оқу, өндірістік,
диплом алды барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізуге жауап береді. Ол
өнеркәсіп, ұйымдармен және мамандарға тапсырыс беруші мекемелермен
үздіксіз байланыста болады, олармен студенттердің практика өтуі жөнінде
келісімшартқа отырады.
Шығарушы кафедра студенттерді мемлекеттік қорытынды
емтихандарына дайындайды. Мемлекеттік емтихандарды дайындау,
ұйымдастыру және өткзу жұмыстары бекітілген ережелер негізінде жүргізеді.
Шығарушы кафедра студенттердің колледж оқуын аяқтағаннан кейін
жұмысқа тұруына көмек көрсетеді. Мамандарды даярлау сапасының бағасын
әділ алу үшін бітірушілер жайында ақпаратты талдайды.

1.3 Оқу процесін автоматтандыру

1.3.1 Оқу процесі басқару объектісі ретінде

Білім алу процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеті барысында
оқушының ролінің басым жағдайында жүргізіледі. Оқу процесін
автоматтандыру үшін автоматтандыруды қажет ететін элементтерін анықтау
мақсатында оқушы мен оқытушының әрекеттерін зерттеу қажет.
Оқушы әрекетінде өзара тығыз байланысқан негізгі 5 функционалды
құраушылар бар:
гностикалық(оқудың мақсаты, құрамы және тәсілдерін талдау);
жобалаушы(курстың перспективті жоспарлануы);
конструктивті(сабақтарды жедел жоспарлау);
ұйымдастырушылық(оқу процесін ұйымдастыру);
коммуникативті(оқушы мен оқытушы арасындағы ақпараттық
әрекеттесу).
Оқу процесіне оқушының білім құрамын, яғни білім, дағды, оқу
материалдарын меңгеруі және осы меңгеру процесін оқытушы жағынан басқару
кіреді. Басқаруды оқытушы тікелей оқушымен әсерлескенде және методикалық
нұсқаулар, автоматтандырылған бағдарламалы-аппаратты жүйе арқылы да
жүргізеді.
Оқу процесі басқарудың жалпы принциптеріне бағынады. Оның
құрылымын 1.2-суреттен көруге болады.

24

1.2 — сурет — Оқу процесін басқарудың құрылымдық схемасы

Көпқырлы жүйенің қозғалысын басқарудың түрі келесідей:

(1.1)

мұндағы

— оқудың құрамының элементтерінің байланыс сызық

векторы, оларға тапсырмалар, сұрақтар;
-тапсырманы орындаудың, сұрақтарға жауаптың нәтижелері;
— оқу процесі күйлерінің айнымалылары
(1.1) — дің бірінші теңдеуі жүйенің күй теңдеуі, ал екінші теңдеуі жүйенің
шығыс теңдеуі болып табылады.
Оқу процесін жатқызуға болатын сызықтық жүйелер үшін (1.1) теңдеу
келесідей болады:

(1.2)

мұндағы A(t), B(t), C(t), D(t) — коэффициенттер матрицасы.
Оқу процесін басқаруды бейнелейтін схема 1.3 — суретте көрсетілген.

25

1.3 — сурет — Оқу процесін басқару сұлбасы

Оқу материалын меңгеру деңгейі оны оқу уақытының басынан бастап
өзгеретіні белгілі. Онымен бірге оқу материалын меңгеру деңгейіне оқу
процесіне енгізілген түзетулер де кіреді. Олар: белгілі бір уақыт аралығында
оқу материалын қайталау, оқудың техникалық құралдарының элемент
әрекеттерін түзету, басқару объектісіне (оқушыға) қойылған жүктеменің
көлемін өзгерту және т.б.
Оқытудың технологиялық процесін басқару тиімділігінің артуы оқу
материалын меңгеру деңгейін азырақ уақытта арттыруынан болады(алдын ала
жоспарланған оқу материалын меңгеру деңгейін азырақ уақытта қамту).
Сондықтан оқушыларға оқу материалдарын беріп, одан соң оқу процесіне
түзетулер енгізу арқылы оқу материалын меңгеру деңгейін бақылап, алдын ала
деңгейді қоя отырып, осы циклді қайтала арқылы оқудың технологиялық
процесін басқарудың тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.

1.3.2 Оқу жүйесін басқарудың мәселелері

Білім беру мекемесінің басшысы күнделікті жұмыста тек аз ғана әрекет
шеңберіндегі оқиғалар мен жұмыскерлер іс-әрекеттерін ғана қадағалай алады,
сондықтан талдауға ақпараттың жетіспеушілігі анық. Бір жағынан басшы ие
болатын, мекеменің толықтай қызмет етуінің мәселелелрі мен жетістіктері
жөніндегі ақпарат көлемі барлық жұмыскерлердің барлық ақпарат қосынды
көлемімен салыстырғанда аса шектелген. Сондықтан кез келген уақытта
ақпараттың жетіспеушілік мәселесі бар. Бірақ екінші жағынан, ақпарат
26

жетіспеушілік мәселесінің қарапайым шешімі де талдау үшін жағдаймен
қамтамасыз ете алмайды, себебі ақпараттың өте үлкен көлемінің өзі-ақ оны
талдауға кедергі болады. Адамның уақыт бірлігіне тек шектелген ақпарат
көлемін өдей алатыны анық.
Білім алу процесін басқару жүйесі көпдеңгейлі иерархияны қолдануы
тиіс, бірақ мұндай жүйенің құрылымы білім беру тапсырмаларын дұрыс шешу
үшін деңгейлердің жоғардан төменге дейін бағынуын емес, ал тек олардың
өзінің дейгейінің ғана ақпаратын қолдануын қарастырады. Мұндай жүйенің
объекттері белгілі бір деңгейге жататындығына қарамастан тең дәрежелі болып

саналады, ал жүйенің өзі территориялық үлестірілген бірдей
қызмет

ережелеріне бағынатын жергілікті ақпараттың жиынтығынана тұрады.
Барлық қолданушыларды бір жүйеге біріктірудің негізгі әсері — толықтай
ақпараттың барлық қолданушыларға қол жетімді болуы. Ол үшін жүйе келесі
талаптарға сәйкес болуы тиіс:
ашықтық — жүйеге техникалық және бағдарламалық өзгерістер енгізбей
қосымша объектерді енгізу мүмкіндігі;
икемділік — жүйенің бөлек элементтер жұмысы бұзылған жағдайда
толықтай жұмыс қабілетінің сақталуы;
тиімділік — минималды шығындана отырып қолданушыларға сапалы
түрде қызмет көрсету;
Басқару жүйесінің жалпы қызмет моделі елесі негізгі принциптерді
ескеру қажет:
ақпараттық тұрғыда құрылымның әрбір деңгейі оның қызмет етуіне
қажетті минималды ақпаратпен қамтылуы керек;
жоғары деңгей ақпараты төменгі деңгейдегі ақпаратты түгелдей
қамтуы тиіс. Тек осындай жағдайда ғана жүйе қызметі толықтай бар күйді
анықтайды;
жоғары деңгейде ақпарат қорларының құрылу процесін кәсіби типіне
байланысты бөлген дұрыс. Бұл бір жағынан толық ақпараттық жарамдылық пен
сенімділікті қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан оларды құру мен іздеуге
кететін уақытты қысқартады;
бірдей деңгедегі ақпараттық әрекеттесу мүмкіндігі болу керек;
ақпараттық қорлардың қызмет схемалары әр бағытта бірегей болуы

тиіс;

ақпараттық қорлардың қызметі ақпарат төмен деңгейдегі

қолданушыларға қол жетімді және тиімді болатындай ұйымдастырылуы керек.
Оларды құру төмен деңгейлерден толықтырылса және олармен қолданылсы өте
тиімді болады.
ақпаратты жинау және жіберу реттелген (белгілі бір уақыт сайын)
немесе реттелмеген (сұраныс бойынша) болуы мүмкін;
жалпы жүйелік сипаттағы ақпарат (мысалы нормативті құжаттар)
белгілі бір тәртіппен және графикпен жіберіледі.
27

Әрбір ақпараттық жүйе құрылымында жалпыға қол жетімді ақпарат
бөлімі анықталады, олар жалпыға ортақ тәртіп бойынша құрылады және бәріне
ортақ ақпаратты қамтиды.
Автомататтандыруды жүзеге асыру барысында құрылымды,
қолданушылар тобын, олардың байланысын дұрыс таңдап құру қажет.

1.4 Қазіргі уақытқа бар оқу процесін басқару жүйесі аналогтарын
талдау

Жобаны іске асыру алдында қазіргі кезде бар қызметі мен сипаты
құрылайын деп отырған жүйеге ұқсас жүйелерді қарастырып кеткен дұрыс. Ол
арқылы біз қарасытырып отырған ресурстардың жетістіктері мен кемшіліктерін
талдай отырып, соның негізінде өз рейтинг санау жүйесін қалай құру керек
екендігі туралы дұрыс қорытындылар жасаймыз.
Бірінші аналог ретінде БИТ: Учебная часть оқу орнының қызметін
автоматтандыруға арналған жүйе алынды. Бұл өнім БИТ: Управление вузом
жиынтығының құрамына кіреді. Ол келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
Оқушылардың сабаққа қатысу және үлгерімін жедел бақылау, оқу
ақысын төлеу, кафедра мұғалімдерінің жұмыс жүктемелерін бақылау;
Ақпараттың қайта енгізілуін және қатені болдырмау үшін әр түрлі
бөлімшелердің жұмысын қамтамасыз ету: қабылдау комиссиясы, оқу-
методикалық бөлім, деканаттар.
Бағдарламаның негізгі функциялары:
Бірегей дерек қорында студенттер туралы ақпаратты сақтау;
Оқу жоспарларын құру және жүргізу процесін автоматтандыру;
Студенттің жеке ісін құру процесін автоматандыру;
Оқу процесімен және студенттің ондағы қозғалысын тіркеу;
Бұйрықтар, анықтамалар және басқа да құжаттарды құру;
Өзекті есеп берулерді құру.
Бұл бағдарламалық өнімді талдау барысында келесі артықшылықтары
анықталды:
бұл жүйелер университеттің ұйымдастыру және атқару қызметтерін
автоматтандыруға бағытталған;
есептеме құру мүмкіндігі;
құжаттар құру мүмкіндігі.
Өнімнің кемшіліктері:
қымбат;
студенттердің жұмыс облысы қамтамасыз етілмеген;
интернет арқылы жұмыс қарастырылмаған.

28

1.5 Есептің қойылуы

Рейттингті бағалау жүйесін құрған кезде келесі тапсырмалар орындалу
қажет:
Web — жүйені жасау үшін жобаның құрылымдық схемасын құру;
техникалық мамандардың көмегінсіз оның құрамына өзгерістер
енгізуге болатын Web — бет.
Жүйені жобалау мен құруға келесі пункттер кіреді:
Жүйені құруға алғашқы техникалық тапсырманы бекіту.
Жүйенің құрылымдық схемасын анықтау: бөлімдердің, контенттің,
навигацияның орналасуы.
Веб-дизайн — жүйе макетінің графикалық элементтерін, стилін және
навигация элементтерін құру.
Бағдарламалық кодын, модульдерді, деректер қорын және жобаға
керекті жүйелік басқа элементтерін әзірлеу.
Жүйені тестілеу.
Бұл жүйе оқу процесін автоматтандыру үшін арналған. Соның ішінде:
жоғарғы оқу орнының жұмыскерлерінің (бөлім, бөлім
меңгерушілері,кураторлар, оқытушылар және т.б.) және студенттерінің бірегей
дерек қорын құру;
қолданушыларды енгізу, өзгерту және жою;
кафедра, мамандықтар және т.б. туралы ақпаратты жүргізу;
сабақтың басталу және аяқталу уақытын, олардың арасындағы
үзілістерді белгілеу;
студент пен оқытушы арасындағы хабарласуды электронды түрде
жүзеге асыру;
студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін бақылауды жүргізу;
колледждегі оқиғалар мен жаңалықтырды алу;
оқытушылық құрамын қарау және олар бойынша қосымша ақпарат алу;
ағымдағы семестрге сабақ кестесін енгізу және өзгерту,
қолданушылардың оларды қарауы;
Жоғарыда айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жобаны
логикалық модульдарға бөліп тастау керек. Бұл жүйедегі артық
тәуелділіктерден құтылу үшін керек. Осылай жобаны үш логикалық модульге
бөлеміз. Көрініс, яғни таныстыру деңгейін қарастырсақ бұл жүйе
қолданушыларға да, администраторға да қол жетімді болу керек. Сол себепті
көрініс деңгейін екі тәуелсіз бөлікке бөлу дұрыс. Қолданушыға автоматты
түрде администраторлық консольді немесе қолданушылық сайтты ашуы
авторизация деңгейінде анықталу керек.
Жобаның жалпы жеке қасиеттері:

29

— Бұл жүйенің қолданушыларын ролдерге бөліп тастау керек.
Админмистраторлық консольға бір роль — администратор ролі жеткілікті, ал
сайтта үш роль болу керек: администратор, бөлім меңгерушісі, куратор;
— Жүйеде бірдей беттер рольдерге байланысты әр қолданушы үшін әр
түрлі болуы керек және функционалы да әр түрлі болуы керек;
— Қолданушыларға рольдерді администратор оны жүйеге енгізген,
түзеткен кезде таңайындалу керек;
— Нақты бір ролге қатысты ақпарат презентация деңгейінде жасырылуы
тиіс;
— Қолданушы ролі туралы ақпарат сессияға байланысқан болуы керек;
— Беттерді авторизацияланбаған немесе оған рұқсаты жоқ
қолданушылардан жасыру браузердің бетті көрсетуі туралы сұраныс кеткенге
дейін орындалуы тиіс.
Административті консоль:
— Қандай да бір мәндерді қосуға, өзгертуге және жоюға арналған
ұсынылған ақпаратты үш батырмасы бар кестелік формада немесе оған
қойылатын сілтемелер мен қосуөзгерту батырмасілтемелерге басқан кезде
пайда болатын қосымша панель арқылы ұйымдастырылу керек. Егер кестеде
ешқандай мән таңдалмаса, онда қолданушы қандай да бір қимыл әрекетін
жасаған кезде сәйкес хабарлама шығуы тиіс;
— Консольдің әр түрлі беттеріне навигацияны сілтемелер арқылы
орындаған дұрыс. Оларды беттің жоғарғы сол жағына орналастыру керек, және
барлық беттерде алдыңғы бетке немесе консолдің негізгі бетіне қайту сілтемесі
болу керек;
— Дерекқорда болатын ақпараттың (түсетін меню, кестелер және басқа да
компоненттер) көрінісі шығарылған мәліметтерді кэштейтін қызметтер арқылы
жүзеге асып, оларды өзгерткенде жаңарту керек.
Қолданушы беті
Қолданушылардың авторлануын және аутентификациясын жүзеге
асыру.Қолданушыларға берілетін басты ақпарат бір бетте, тіркелген беттер
панелінде орналасу керек;
Қолданушы енгізген тізімнің астыңғы бөлігінде колледжюдің басты
сайтына сілтеме орналасады. Ол сайттан қолданушы колледж туралы ақпарат,
жеке бет, мұғалімдік құрам, университет жаңалықтары, мекен жай,
абитуренттерге арналған қажетті мәліметтер және т.б.;
Басты бетте студентте өзінің деңгейін, оқу үлгерімі мен сабаққа
қатысуын, мұғалімдермен студенттерге хабар және ақпарат тарату, топтас
студенттерге хабар беру, өзіне керекті жаңалықтарды көру мүмкіндігі болу
керек;
Куратордың жеке бетінде өз тобының тізімі,студенттермен жұмыс
шаралары, студенттер тобына маңызды мәліметті толтыру, оларға баға және
сабаққа қатысу деңгейін қою.

30

Беттерді қарау Internet Explorer арқылы немесе қолданушы
компьютерінде орнатылған кез келген басқа навигаторда өтеді. Ол үшін сайтта
навигаторлардың біреуінде оқылмайтын кодтар болмау керек.

2. Жобаны жүзеге асыру үшін инструменталды құралдарды таңдау

Қазіргі жаңаша қоғам ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен
ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен

ерекшеленеді.
Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты

мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар
жоғары оқу орындарындағы оқу үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің
классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін
сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызуда. Мұндай мүмкіндіктердің бірі ретінде
HTML тілін айтуға болады.
HTML — гипермәтінді белгілеу мен Web-беттерді байланыстыруға
негізделген программалау тілі. Интернетте қолданылатын ақпараттардың
көпшілігі Web-беттер түрінде HTML тілінде жазылған арнаулы файлдарда
болады. Сондықтан қазіргі заманда әрбір пайдаланушы HTML тілін оқып-
үйреніп, жетік меңгеруі қажет. Себебі бұл тіл Интернеттегі мәтін бөліктерінің
атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе
алатын құжатты функционалды түрде белгілеу мүмкіндігі бар болғандықтан
көпшілік қолданысына тез ие болған.
Интернетте қолданылатын файлдардың көпшілігі Web-парақтар түрінде
HTML (Hyper Text Markup Language — гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде
жазылған арнаулы файлдарда болады. Осы файлдарды HTTPсерверлерінде
орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде
Интернетте жарияланады. Web-парақтардың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін
және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі
жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML
құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі HTM немесе HTML
болуы тиіс.
HTML тілі WWW қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең
пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол WWW жүйесінің негізі
бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды.
HTML-дiң ақпараттарын гипермәтiндiк формат түрiнде сипаттайтын және

басқа да
мүмкiндiктерi болғандықтан күннен күнге желiге жаңа

пайдаланушылар қосылуда. Гипермәтін — қосымша элементтерді басқару
мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін.
Бұл форматтың бiр құжатқа мәтiндiк, графиктiк, дыбыстық және бейне
ақпараттарды кiрiстiру мүмкiндiгi бар. Сонымен қатар құжаттың өзiнде басқа
бiр құжатқа, JPG, GIF форматындағы графикалық иллюстрацияларға,
31

бейнефрагменттерге, музыкалық композицияларға да сiлтемелер қоюға болады.
Мәтінді ерекшелеп белгілеу дегеніміз — келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай
бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы мәтін ішіне енгізу.
Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету
программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз
ретінде тұрады. Мәтiннiң ерекшеленген сөзiне тышқанды шерткенде сервер
арқылы басқа қалалардағы, елдердегi, контингенттердегi бейнеленген
құжаттарды сол сәтте компьютердiң экранынан оқуға болады.
PHP ортасында MySQL қолданып, колледж газетасын шығаруын
автоматтандыру жүйесін дайындау. PHP бағдарламалау тілінде тиімді болып
табылады. Сайт құру баска да багдарламалау тілдері мен багдарламларды
қолдандым. Олар: Macromedia FLASH, HTML, MySOL, Apache сервер, CSS
стильдер кестесі т.б
Бұл сатты құру барысында жоба қазіргі заман талабына сай жасалуы
керек екендігін ескерілген. Сол себептен жобаны мүмкіндігі жоғары PHP
скриптін қолдандым.
PHP бағдарламалау тілін MySOL мәліметтер қорымен байланыстыра
отырып осы сайтты құру арқылы, сайт құрудын ең тиімді жолы осы екенін
түсіндім. Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты
компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. РНР-бұл
Web — серверге жіберілетін скриптердің көмегімен Web-беттерінің динамикалық
генерациясына қажетті бағдарламалау тілі. Сіз бетті РНР және HTML-дің
көмегімен ашасыз. Сайтты пайдаланушы бетті ашқанда, сервер html-код
… жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz