Ғажайыпқа сендіретін үш хикая — новости Казахстана

0

Атырау облысының Күлсары қаласында жүргізуші болып істейтін Амангелді Үмбетовтың хикаясы жаңа жылдық ертегіге ұқсайды. Бұл жыл ол үшін машақат көп, бірақ қуанышты жыл болды. Олар отбасы болып (кейіпкеріміздің төрт ересек баласы бар) қызын ұзатуға дайындалып жатты. Той жасап, қыз жасауын жинау үшін отбасына екі көлігін сатуға тура келген. Бірақ оның өзі жеткіліксіз болған. Сондықтан Амангелді банкке барып, несие рәсімдеген.

Ғажайыпқа сендіретін үш хикая

«Бұдан бұрын да несие алғанмын. Бұл бесінші немесе алтыншы рет несие алуым. Әрдайым АТФ банкінен аламын. Мұнда мені бәрі таниды, сондықтан әрқашан көмектеседі. Біз үшін АТФБанк отбасылық банкке айналған», — деді Амангелді.

Той өткізіп, ақшаның бәрі жаратылды, бірақ Амангелді еңсесін түсірмеді. Ол әрдайым жолы болатынына сенетін, бұл жолы да сол сәттілікке сенім артты.

«Сайыстарда, ұтыс ойындарда жиі ұтатынмын. Көбінесе — тұрмыстық техника ұттым. Өткен жылы ұжым кешінде «Лада» көлігін ұтып алғанмын, бірақ оны әріптесіме бере салдым. Ол мүгедек, оған ол көлік қажет еді», — деп Амангелді Үмбетов жан сырын ақтарды.

Дегенмен кейіпкеріміздің басына бақ қонды. Жаңа жыл қарсаңында Амангелдіге АТФБанктен қоңырау шалып, оның жеңімпаз атанғанын хабарлады. Иә, ол тағы да көлік ұтып алды. Амангелді Үмбетов АТФБанктен күзде кепілзатсыз несие алып, «Сәттілік берік болсын, ұтысың мына көлік болсын» науқаны бойынша 2018 жылғы Hyundai Elantra көлігін ұтып алған үш жеңімпаздың біреуі атанды. Бас жүлделерді алған «жеңімпаздардан» басқа АТФБанктің 54 клиенті осы науқан бойынша 100 000 теңгеден ұтып алды.

Айта кететін жайт, АТФБанк мұндай ұтыстарды бірнеше жыл бойы ұйымдастырып келеді. Жыл сайын Тағдыр біздің кейіпкеріміз сияқты Қазақстанның түрлі аймақтарындағы үй салып, балаларын өсіріп, дәстүрлі отбасылық мерекелер ұйымдастыратын еңбекқор адамдарға күлімдеп, оларға бақ қондырады.

Ғажайыпқа сендіретін үш хикая

Мысалы, алғашқы ұтыстың жеңімпазы — Ризагүл Химиран Астана маңында тұрады. Ол клинингтік компаниясында жұмыс істейді. Ол үй тұрғызу мақсатында несие алған. Ризагүлдің алты баладан тұратын көп балалы отбасы Қазақстанға Монғолиядан көшіп келген екен. Қазір оның өз отбасы бар, күйеуі мен екі кішкентай баласы, бес жасар қызы мен үш жасар ұлы. Олардың барлығы ата-анасымен бірге тұрады. Бірақ АТФБанктен алған несиенің арқасында көп ұзамай олардың жеке шаңырағы болады. Ал әзірге олар су жаңа көліктің иесі болды.

Дәл осылай Ұзақбай Әділбаев та Жаңа жылдық сиқырдың куәсі болды. Сорғы құрылғыларының машинисті қызметін атқаратын кейіпкеріміз бірінші ұтыстың жеңімпазы сынды АТФБанктен несиені жер телімін алуға рәсімдеген. Енді оның отбасында жер телімі де, жаңа көлігі де бар.

Ғажайыпқа сендіретін үш хикая

Ал ертең салтанатты рәсім барысында көліктер жаңа қожайындарына табысталады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ғажайыпқа сендіретін үш хикая