Көңілді сөре 4 сыныптар арасында

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Дене шынықтыру Бөлімі: Тренерлерге Сыныбы: 4 сынып

Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейдің 4 сыныптар арасында өтетін Кәңілді сөре эстафета сайысының ережесі.

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауын, 2011-2015 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорт заңын жүзеге асыру.
2. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
3. Оқушылар арасында эстафетасын таралуын насихаттау;

ІІ. УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ӨТЕТІН ОРНЫ
1. Жарыс 2018 жылдың 20 қараша күні, Өскемен қаласы, Сәтпаев көшесі 8/3 мекен-жайында орналасқан Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ өткізіледі.
Жарыстың басталуы сағат: 15:00

ІІІ. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР
Жарысқа тек 4- сынып оқушылары қатысады. Барлық жарысқа қатысушылардың киімі бірыңғай спорттық үлгіде болу қажет. Жарыстың алдында сынып жетекшімен расталған тапсырыс болу қажет. Әр команданың топтың аты, және топтың ұраны болу қажет.
Топ құрамы: 4-ұл, 4-қыз

ІV. ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
1. Эстафеталық таяқша.
2. Шығыршық.
3. Теңге алу.
4. Кенгуру.
5. Су тасу.
6. Арқан тартыс.

V. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ

Жеңімпаздар барлық эстафетада 5 балық жүйемен анықталады.

VІ. МАРАПАТТАУ

Жүлделі 1,2,3 орын алған командалар дипломмен жиында марапатталады.

Дене шынықтыру мұғалімдері: Қуанышбай А.Ә.
Исаханов С.Қ.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.