Гавай аралдарында 100 жасқа толмағандарға темекі сатылмайтын болды — новости Казахстана
АҚШ-тың Гавай штатында халықтың шылым шегуін тоқтататын заң жобасы әзірленді. Ол бойынша, темекі сатуға болатын жасты біртіндеп 100-ге дейін жеткізу көзделіп отыр екен. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жыл сайын шектеу жасына 10 жылдан қосуды жоспарлап отыр. Заң жобасы бойынша, бастапқыда шектеу 30 жасқа жетпегендерге, сосын 40, 50, 60 деп кете береді.
Сонда 2024 жылы темекіні тек 100 жасқа толғандар сатып алатын болады. Жоба авторларының сөзінше, осылайша олар аралға темекі өнімдерінің кіргізілуі тоқтау салмақшы.
Туристерге өздерімен бірге темекі әкелуге тыйым салынбайды. Сонымен қатар, шектеу электронды темекіге, шайналатын темекі мен сигараға қойылмайды.
Бұл құжаттың бір кемшілігі, Гавай аралдары жылына 100 миллион доллар салықтан айырылады.
Дереккөз: kaz.nur.kz