Home Жаңалықтар Гарри Потердің 10 фильмін толық тамашалағанға мың доллар сыйға береді

Гарри Потердің 10 фильмін толық тамашалағанға мың доллар сыйға береді

0
8

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Марафонды бастаған компания өкілдерінің айтуынша, үміткерлер үзіліссіз 25 сағат 6 минут ішінде 10 фильмді үздіксіз тамашалап үлгеруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Америкалық EDsmart білім беру ұйымы «Гарри Поттер» мен «Фантастических тварей» фильмдерінің барлық бөлімін тамашалаған көрермендер үшін 1 мың АҚШ долларын төлейтінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жүлдеге ие болу үшін үміткер Гарри Поттер туралы сегіз және «Фантастических тварей» фильмінің екі бөлігін үзіліссіз 25 сағат 6 минут ішінде тамашалап үлгеруі тиіс.

«Біз іздейтін адам тек Гарри Поттердің жанкүйері ғана емес. Ол сонымен қатар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, Гарри Поттер мен «Фантастических тварей» марафонының тікелей эфиріне шыққаны үшін қуанышқа кенелетін болады», – дейді ұйымдастырушылар.

Шарт бойынша Гарри Поттер жанкүйерлерінің бес жеңімпазы тек кәмелет жасқа толған АҚШ тұрғындарының арасынан ғана таңдалады.

Оқи отырыңыз: Қазақ пен қытайдың достығы жайлы фильм АҚШ-та бірнеше марапат алды

Ал қатысушыларға қаржылай марапаттан басқа Гарри Поттер туралы Blu-ray фильмдерінің толық жиынтығы мен «Гарри Поттер Баттерби» карамельді жүгерісі сияқты өзге де түрлі конфет, шоколадты сыйлықтар жиынтығы сыйға тартылады.



sputniknews.kz