Ғалымжан Жақиянов: «Елдегі саяси күреске ораламын»

0

Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақиянов саяси күресті жалғастыру үшін елге ораламын деген пікір айтты. Бұл туралы саясаткер Азаттықтың «Алтынбектің қазасы» деректі фильмінде айтты.

Журналист Манас Қайыртайдың: «Елге ораласыз ба? Саяси күресті жалғастырасыз ба?» деген сұрағына: «Әрине ораламын. Үміт деген нәрсе әр адамда бар. Сол кезде қолымыздан келетін дүние аз болды. Қауіп те бар. 2006 жылығы жағдайдан кейін қоғамның өзі де тартынып қалған сияқты болды» деді.

Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Жақиянов 1997 — 2001 жылдары Павлодар облысының әкімі болды. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» республикалық қоғамдық бірлестігін (ҚДТ) құруға байланысты қызметінен босатылды .

2001 жылдың қарашасында Ғалымжан Жақиянов Ораз Жандосовпен (Қазақстан Республикасының Вице-премьер-министрі), Төлен Тохтасыновпен (Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, кәсіпкер), Нұржан Субханбердин және Мұхтар Әблязовпен ( Қазкоммерцбанктің басшылары мен негізгі иелеріе және Тұран-Әлем Банкі »), сондай-ақ бірқатар басқа үкімет мүшелері, парламент депутаттары және елдің жетекші кәсіпкерлері Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ) республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамашыларының бірі болды .

2002 жылы Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының төрағасы болып сайланды.

2002 жылы тамызда ол қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307, 308 баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Еуропалық Одақтың ресми органдары және Америка Құрама Штаттары соттың саяси астары бар деп атап өтіп, Қазақстан билігін қылмыстық істі әділетті қарауға шақырды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Amnesty International, Human Rights Watch, Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки федерациясы Жақияновты саяси тұтқын деп таныды.

2006 жылы ол  шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылды.

2006 жылдан бастап Азаматтық қоғам қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы болды.