Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Қысқа сілтеме алу
Он бес жыл бойы жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижесі белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Ұзақ өмір сүру құпияларының бірі – ұрпақты бірге тәрбиелеу. Ұлыбританиядағы Шеффилд университетінің ғалымдары осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Phys.org сайты.
Ғалымдар анықтағандай, жалғыз тіршілік ететін құстарға қарағанда, балапандарын жұптасып өсіретін қанаттылар әлдеқайда ұзақ өмір сүреді екен. Осындай қорытындыға келу үшін зерттеушілер 15 жыл бойы Сейшел аралдарын мекендейтін құстарды зерттепті.
Британдық ғалымдардың пайымдауынша, зерттеу нәтижесі жан-жануарлар қауымдасып тіршілік етсе, ұзақ жасайтынын көрсетеді. Қоғамда өмір сүретін адамдардың да ғұмырлы болуының сыры осында болса керек.
Айта кетсек, бұдан бұрын Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары күнделікті дұрыс тамақтанып, жеткілікті калория мөлшерін сақтау өмірді ұзартуға әсер ететінін анықтаған болатын. Олар диетаның адам ағзасына зиянын дәлдеп шықты.
sputniknews.kz