Тұрсын Сыдықов | өмірбаяны

0

Тұрсын Сыдықов – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, тұңғыш президентіміз Н. Назарбаевтің арнайы алғыс хатының иегері.

1941 жылы Алматы облысы Сарқан ауданының Бақалы ауылында туған. 1959 жылы мектепті алтын медальмен бітірді. 1965 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Қапал ауданында оқу ісінің меңгерушісі, мектеп диекторы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1975 жылы ҚазПИ-дің аспирантурасына қабылданады. 1978 жылы кандидаттық, 1997 жылы докторлық диссертатциясын қорғаған. 1978 жылдан 2002 жылға дейін Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте ассистенттен прфессор дәрежесіне дейін көтеріліп, жауапты қызметтерді атқарған. 2002 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне ауысып келіп кафедра меңгерді, қазір «Ілиястану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

Оның «Мұрат пен», «Қазақ тарихы романы», «Қазақ тарихи романының көркемдік тілі», «Өңінде тұлпар мінгендер», «Талант тағлымы», «Ізгілік сабағы» атты кітаптары жарық көрген. Профессор С. Мақпыровпен бірігіп колледжге арналған екі бөлімнен тұратын «Қазақ әдебиеті» оқулықтарын жазды, «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясын шығарды. 700-ден астам ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы. Жуықта ғана ЖМУ-дың тікелей демеушілігімен «Қазақ тарихи романының поэтикасы» деген көлемді еңбегі жарық көрді.