Ғалымдар: қарапайым шай адамның өмірін ұзарта алады
Батыс Австралия университетінің ғалымдары қарапайым шай ішудің жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупін айтарлықтай төмендетіп, қан тамырлары қабырғаларын нығайтуға көмектесетінін анықтады.
Фото: dailyaaj.com
17:07 16.11.2018
Бұл туралы Live Science басылымы жазады.
Зерттеушілер ақуыз, май, дәруменнің 10-нан астам түрі, шай фенолы, теин мен липид қанттары емдеуге қарсы дәрі-дәрмектерге ұқсас әрекет етіп, ишемиялық жүрек ауруларының дамуына жалпы қабынуға қарсы әсері бар екенін анықтады.
Көп жылдық зерттеулерге қатысқан кардиологтардың айтуы бойынша, құрамында 500 мг флавоноид бар өнімдерді тұтыну — жүрек-қан тамырлары жүйесіне терапевтік әсер етіп, адам ағзасын коронарлық жүрек ауруларынан, инсульттен, перифериялық артерия ауруынан қорғайды екен.