Мұхаммед Хайдар Дулати | Скачать Курстық жұмыс

0

Мазмұны

Кіріспе
3-8 бб.
І-тарау. Ерте ортағасырлық арап және түркі ғұламалары
1.1. Ерте ортағасырлардағы түркі ғұламалары
9-15 бб.
1.2. Ерте ортағасырлық араб әлемі ғұламалары
16-19 бб.

ІІ-тарау. Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
2.1. Орта Азия ғұламалары және дала философиясы. 20-52
бб.
2.2. Шығыстан шыққан ұлы ғұламалардың өмірі
мен еңбектері.
53-57 бб.

Қорытынды
58-61 бб.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
62-64 бб.

Қосымшалар
65-68 бб.

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы-
біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай
көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында
ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең
ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз.
Еліміздің тарихи даму барысында қайшылықты жолдар, өткен біздің
мәдениетіміз де жаңа талғаммен қайта қарауды қажет етеді.Тарихтың жаңа
белесінде қазақ мәдениетінің өзегі болып табылатын ортағасырлақ
ғұламалардың мұраларына ғылыми көзқараспен қарап, халқымыздың бай әдебиеті,
ұлттық өнері мен мәдени-рухани байлықтарын кеңінен, жаңаша ойлау
концепциясы негізінде зерттеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің негізгі
жетістіктерінің бірі елімізде тарихи білім беру ісін түбегейлі жаңарту
барысында адамзат жасаған мәдени-рухани құндылықтарға,ауқымды
мәдениеттанушылық бағыт беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.Соған
сәйкес мәдениеттің қоғамдық даму процесінде рөлі жоғарлай түсті. Қоғам
бүгін мәдени саясатта түбірлі өзгерістер жасамайынша елдің демократиялық
жаңару жоспары және оның дамуының гуманистік бағыты шынайы болмайды.
Міне осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күннің өзгерістерін
түсініп, ертеңгі күнге бағыт-бағдарымызды айқындау үшін еліміздің өткен
мәдени өміріне рекроспективалық анализ жасау аса қажет.
Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты
қалыптастыруда орта ғасырлар тарихын, соның ішінде орта ғасырлар
мәдениетінің ерекшеліктерін оқытушыларға үйрету және игерту үлкен маңызға
ие. Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, қайнар көзі,
сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ортағасырлар мәдениеті мен
ортағасырлардағы ғұламалардың артта қалдырған ұшан текіз білімдері мен
еңбектері бүгінгі таңда өз құнын жоймайды.
Қазақстан тарихына қатысты, әсіресе исламдық мәдениетті қайта
жаңғыртатын құнды деректерді назардан тыс қалдырмай қазақ тіліне аудару,
сараптау, талдау, құндылығын көтеру, жастарға үйрету мен халыққа насихаттау
бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.
Ортағасырлық түркі мәдениетінен хабар беретін мәліметтерді іріктеп,
тарих айналымына қосу бүгінгі күннің талабы. Елімізде шығыстану саласының
өрбуімен қатар, қызмет еткен жергілікті тарихшылардың есімдері мен
еңбектері Отандық тарихта жазылып жүргенімен де, талай ортағасырлық
ғұламардың еңбектері мен өмірі және ортағасырлық мәдениет жетістіктері
толықтай зерттелді деп айту қиын.
Мұның себептері әртүрлі болды, біріншіден қазақ елінен шыққан
шығыстанушылар санаулы болды, екіншіден жергілікті тарихшылар еш зерттеу
ұйымдарына тіркеусіз өз еріктерімен қызмет етті, үшіншіден жергілікті
тарихшылардың еңбектері ескі тілде жазылды, төртіншіден тарихты жазуда
идеологияда, Кеңестік жүйенің әсерінің болуы.
Ендігі кезекте жергілікті Ресей және өз еліміздің шығыстанушыларымыздың
еңбектерін қарастырып қана қоймай, мәліметтер ретін тариханамалық
талдаулардан өткізіп, тарихты толықтыру яғни Ортағасырлық ғұрамалардың
тарихта алатын орнын зерттеу объектісіне айналдыру өзектіліктің мәнін аша
түседі. Сонымен қатар, Ортағасырлық исламдық мектептер, ислам дінінің
қоғамдағы орны, мәдениеттегі ерекшелік кең зерттеу объектісіне айналды,
және де, қоғамдық үрдістердің қалыптасуы мен дамуындағы ортағасырлық
мәдениеттің әсерін зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Елбасының нұсқауы бойынша Мәдени мұра бағдарламасының алдағы үш
жылға созылуы үлкен мақсатты меңзейді. Бұнда ортағасырлық мәдени
құндылықтарымыздың зерттелуіне үлкен мән беріліп отырғаны белгілі. Мәдени
мұра бағдарламасының негізгі мақсаттының бірі түркілік жазба деректерді
сараптап, талдап, пайдалану болып отыр. Осыған байланысты, Елбасы Н.Ә.
Назарбаев: Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының
бағдарламаларын Мәдени мұра кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру
мәселесі де ойластырылуы қажет [64] деп көрсетті. Осыны ескерсек,
ортағасырлық түркі мәдениетін, шығыс шайырлары мен философтарының
еңбектерін толықтай зерттеу, оған жан-жақты баға беру, көне Қазақ жеріндегі
түркілік дәстүрдің қыр-сырын саралау, түркілік мәдениеттің асқақтығы мен
даралығын дәріптеп көрсету Отан тарихының ең ірі мәселелерінің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ерте ортағасырлық түркі мәдениетін
зерттеуді Еуропа мен Ресей империясы ғалымдары бастаған. Жалпы
ертетүркілік кезеңге тоқталатын В.В. Бартольд [1], А. Н. Бернштам [2],
С.Г. Кляшторный [3] еңбектерін тоқталмай кете алмаймыз, себебі олар ерте
ортағасырлық түркі жазбаларын алғаш болып зерттеген, түркілердің алғашқы ел
басқарған тұлғаларын анықтаған, олардың еліне қалдырған өсиеттері мен ел
басқару саясаты жайлы еңбектерін орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға
енгізген. Сонымен қатар, Стеблева И.В [4], Эрнст Карл [5], А.Н. Кононов
[6], А.А. Радугин [7] сынды орыс ғалымдары ортағасырлардағы ғұламалардың
еңбектерін аударып, олардың еңбекетеріне тарихи-тілдік талдаулар жасаған.
Қазақстандық ғалымдар ерте түркілік сондай-ақ, ортағасырлардағы ұлы
ғұламалар жайында аз еңбектер жазбады. Тілдік тұрғыдан, тарихи тұрғыдан
болсын мол зерттелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ғылымында үлкен
бетбұрыстар жүргені белгілі. Ұмытқанымызды қайта жаңғыртып, түбімізді
тауып, соны зерттеуге бет бұрдық. Тоқсаныншы жылдың бас кездерінде Ғ.
Айдаровтың Күлтегін ескерткіші[8] , Орхон ескерткіштерінің тексі[9] ,
Язык орхонского памятника бильге-когана[10], К. Аманжолов пен Қ.
Рахметовтың Түркі қалықтарының тарихы[11], Қ. Аманжоловтың Түрік
филологиясы және жазу тарихы[12] , М.Жолдасбековтың аудармасымен
Йоллығтегін. Күлтегін[13], А . Асқаров Ұлы Тұраның ұлдары [14] атты
монографиялар жарық көрді. Аталған монографияларда жазылу немесе тілдік
стилі ғана емес, мәтіннің толық нұсқасымен танысуға болады. Еңбектерде
Күлтегін, Тоныкөк сынды ұлы ойшылдарымыздың түркілік философияларынан
үзінділер келтіріліп, жан-жақты зерттеу жүргізілген.
Н. Бектургановтың Древнетюрская цивилизация- истоки культуры [15],
К. Байпақовтың Средневековые города тюрков- центры науки, образования и
культуры[16] еңбектерінде ортағасырлық мәдениет пен ғылым жайында
толыққанды зерттеулер берілген.
Бөліп ерекшелеп айтатын еңбектердің бірі ол, Ғ. Есім Фалсафа тарихы
[17] монографияда ортағасырлық ғұламалардың өмірі мен шығармашылығы ғана
емес, олардың өміріне, фалсафалық ойларына ғылыми талдау жасалынған.
Зерттеудің негізгі деректер көздері ретінде Әл-Фарабидің, Махмұт
Қашқаридың, Жұсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Қадырғали Жалайридың,
М.Х. Дулатидың қазақ тілінде кейіннен жарық көрген еңбектері алынды.
Жоғарыда аталған монографиялар ғылыми жағынан терең зерттелген. Соңғы
жылдары Қазақстанда көне түркі руникалық ескерткіштер бойынша 20
монография, 250 мақала жарық көріп, 6 кондидаттық және 3 докторлық
десертатциялар қорғалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ортағасырлық ғұламалардың өмір жолы мен
еңбектерін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу, ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығындағы
ортағасырлық шығыс мемлекеттерінен шыққан философтар, ғалымдар мен әр
саладағы ойшыл, кемеңгерлер мұраларының кейінгі түрік тектес
халықтардың, соның ішінде қазақ халқының мәдени дамуына әсер еткенін
және оның маңызын ғылыми сараптамадан өткізу.
Тақырыптың міндеті: Көне түркі дауіріндегі мәдениеттің дамуын
ашып, сараптау үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттерді алға
қойдым:
— Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің ертедегі түріктердің
өмірі туралы дерек беретін негізгі мағлұмат көзі ретінде,
ескерткіштердің құндылығын саралап, көрсету;
Зерттеу жұмысының методологиясы: Зерттеу методикалық обьективтілік,
тарихилық және жүйелілік пен даму сияқты ғылыми айғақ принциптеріне
негізделген.
Зерттеу негізінен VI-XҮ ғасырлардағы араб, түркі мәдениетін
дамытушы ұлы ғұламалардың шығармашылық жетістіктері мен ортағасырлық қоғам
ерекшеліктерін обьективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған. Жаңа тарихи
көз қарастар тұрғысынан жазылған еңбектерді басшылыққа ала отырып,
ғылыми зерттеу, талдау және жинақтау, жүйелеріндіру, салыстыру сияқты
жалпыға бірдей белгілі әдістер негізінде жүргізілді.
Хронологиялық шегі: зерттеу жұмысының хронологиялық шегі VI-XҮ
ғасырлар аралығы, бұл аралық тарих ғылымында ортағасырлар кезеңі деп
аталады. Орта ғасырлық мемлекеттердің географиялық орналасу шеңбері
өте ауқымды.
Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу,
салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып
табылады.
Теориялық негізі: Қоғам, тарих ғылымдарының әдістемелік мәселелерін
зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.
Гипотеза: Ортағасырлардағы Шығыс мәдениетін оқытудың ғылыми —
әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым
жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы
жоғарға оқу орындары студенттері үшін мемлекеттік тілдегі оқу —
әдістемелік құрал.
Зерттеу жұмысының құрлымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан
және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан
тұрады. Әр тарау өз ішінен бөлімшелерден тұрады. Тақырыптың мазмұны мен
мәнін ашу мақсатында І-бөлім өз ішінен екі бөлімшеден тұрса, ІІ-тарау жан-
жақты зерттеу мақсатында екі бөлімшеден құралған. ІІІ-тарау әдістемелік
бөлімге арналады.

І-тарау. Ерте ортағасырлық араб және түркі ғұламалары
1.1. Ерте ортағасырлардағы түркі ғұламалары
Ұзақ уақыт бойы еліміздің жазба мәдениеті тарихи тереннен
тарқатылмай, қазақтар үш – ақ әліпбиді: араб, латын, кириллицаны ғана
білетін секілді ұғым қалыптастырылғанды, бүгіндері түркі тілдес
халықтардың жазба мәдениеті тарихы ерте замандардан бастау алатындағы
айқындалып, бабаларымыз бір емес, бір неше әліпбиді меңгеріп, оны
өздерінің әкімшілік, дипломатиялық, діни және жеке басы қажеттіліктерін
өтеу үшін пайдаланып келгендіктері белгілі болды.
Атақты Күлтегін (732ж), Білге қаған (735 ж) және Тоныкөк
(716 ж) жырлары тасқа қашалып жазылған руникалық ескерткіштер ішіндегі ең
көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы өздері жазған аса құнды,
бірегей жәдігерліктер болып табылады[3; 36].
Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) — Екінші Шығыс Түркі
қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана,
заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі
елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан
кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып;
ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының
қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік
мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда: Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде
тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді деп
жазылған[1; 95]. Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің
баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел
басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында
оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық
зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы
шыли иуән тайпасының басшысы Құтылығпен бірігіп, табғаштарға қарсы
көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай
әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты
Ел төресі деген атпен қаған етіп сайлайды[3; 102].
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей
құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі жабайыны жабайының қолымен
құрту саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ
табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай
әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл
апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас
талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып,
түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: Түбіміз бір туыспыз. Өзара
қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ
жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір-бірімізді
өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық,
осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға
қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру
боламыз- дейді[9; 49]. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін
жібітіп, оғыздар түгелдей түркi туының астына жиналады. Кейін бұл
жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен
көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау деп ризалық сезіммен сол
кезді еске алады.
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады.
Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді.
Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге
Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр
дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды
қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын
қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде
қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін
тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай,
ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым
жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат
құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз
қандастарының қолынан қаза табады[11; 28].
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен
Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы
Могилиәнді қаған тағына отырғызды.
Білге қаған деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының
ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған
жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас
жазуда Тоныкөк: Түркi Білге қаған түркi сыр, оғыз халқын асырап,
мерейін үстем қылып отырар деп, оған үлкен сенім артады[14; 27].
Түркi жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып
отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің
бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім,
атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам,
елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның
нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім
қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа
жаздырған мен Білге Тоныкөкпін дейді дана қарт[20; 16].
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге
қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының
70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында
болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған
пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан
кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған
өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны
және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің
қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті
бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді.
Тарихшылар оны әбден қартайып барып, өлді дегенді айтады. Соған
қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған
тәрізді[22].
Тоныкөк ескерткіші екі бағала тасқа бөлініп жазылған. Біреуінің
биіктігі 1 м 70 см, оған 1-36 жол, екіншісінің биіктігі 1 м 60 см, мұнда
жырдың жалғасы, яғни 37-62 жолдар орналасқан[23; 66] .
Жыр авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. Бұл жырда түрік халқының
табиғаттарға бағынышты болып қалуы, кеәін бас біріктіріп, жауға қарсы тұрып
сол кезде қаған сайлауда, жаулы жеңуде Тоныкөктің ақыл-кеңесі, ерлік істері
зор болғандығы баяндалады. Мұнда ел бірлігі, сол елдің басын қосып,
ынтымаққа жеткізуде ақылгой Тоныкөк секілді қариялардың, ел басшыларының
ерекше рөл атқарғандығы дәріптеледі [10; 13].
Көне түріктердің ғұламасы Тоныкөкке арнап қойылған ескерткіште
мынандай жолдар бар.
Бізді дәйім жебеп жүрген тәңірі ием, Ұмай анам жер-суым Тоныкөк
ескерткішінен өзге де жазба ескерткіштерде Ұмай анаға табыну бірнеше жерде
кездеседі. Мәселен: Ұмай текті ананың … он жаста Ұмай текті шешемнің
бағына інім Күлтегін ер аталды …, Тәңірі Ұмай қаситті жер-су бізді
қорғайды, ойлану керек деп[12; 56], Ұмай ананың атынан түрік халқын
бірлікке, ыңтымаққа шақырады.
Көптеген түрік халықтары тілінде де Ұмай мен Ұма сөзі
мағыналас. Олар баланың орны, жатар, құрсақ мағнасында қолданылады.
Ұмай сөзінің төркіні алтайша емген (ана), сахаша бие деген мағнаны
береді. (41.84б).
Сонымен, ежелгі түркілердің ұғымында Тәңірі аспандағы ер
рөлінде көрініп, Ұмай – жер ана болып қабылданған. Ұмайға табыну
Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында 19 ғасырдың аяғына дейін
сақталып қалды. Демек, Ұмай түріктер сыйылған құдіретті үш күштің
бірі болған және оларға қашанда болып отырған[15; 128].
Жетісу қазақтарының ұмай анаға табынуын Шоқан Уалихановта
өз еңбектерінде жазып көрсеткен.
Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) Екінші Шығыс Түркі қағанаты
әскерінің бас қолбасшысы, көк түркінің көк семсері атанған атақты
батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның
тәрбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы
бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген
басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл
ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына
қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: әкем қаған
өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің
бағына інім Күлтегін ер атанды деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра
зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен
соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша
тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған Жан чо (Чоны өлтіруші, яғни
Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын
беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау
жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин
жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста
90 мың тұтқынды қолға түсірген[8; 19].
Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи
деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған
қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы
жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана
баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне
арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды
аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін
былайша тізбелейді: Он алты жасына келгенде … алты чуб, соғдыларға
қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы
басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. Жиырма бір
жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын
мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын
мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына
жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма
алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының
Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі
батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз
қағанын өлтіріп, елін алдық. .. Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін
Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін
қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты … Оғыздармен
соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін
шанышты … Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік.
Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім
тауыпты…Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз, Күлтегін батыр 47
жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның
бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп
отырыпты[2; 91].
Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін
қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге
қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын
асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап,
елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты.
Ажал алытн тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал
жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден
түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел
тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми
көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық
университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы
күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата
рухына адалдықтарын білдіреді[2; 90].
Қорқыт (VIII-IX ғғ.) оғыз, қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй
абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Оның
өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы
тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер
бойынша күмән қалдырмайды. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай
(Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы
жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара
(Қарақожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер.
Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және
сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды дейді В.В. Бартольд.
Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра
түседі: Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары
пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас, Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
атадан өнеге алмаған ұл жаман, Атақ-даңқын шығаратын өзінің тегін
қуған балаға ешкім жетпейд, Өтірік сөз өрге баспайды [4; 26].
Қорқыт ата оғыз қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді
шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны,
салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сырьтқы жаудан, ішкі
даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш қонын,
мекен тұрағын, ен таңбасын, ұран ұжымын белгілеп отыратын білгір.
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ Қорқыт ата
кітабы болса, мұның өзі XV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі
нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан Дрезден нұсқасы, екіншісі тұратын
Ватикан нұсқасы.

1.2. Ерте ортағасырлық араб әлемі ғұламалары
ҮІІ ғасырдың бас кезінде жаңа дін – ислам ділні пайда болды. Осы дінді
таратуды сылтау етіп, бір қолылна құранын, екіншісіне қылышын ұстаған
араптар бір жарым ғасыр шамасында – ақ, солтүстік батыс Үндістанды,
Персияны, Орта Азияны, Мысырды, Шамды (Сирияны), Африканың солтүстік
жағалауын, Пиреней түбегін тағы басқа да көп территорияны жаулап алды. Осы
негізде, үлкен мемлекет – Халифат құрылады. Халифаттың орталығы әуелі Мекке
қаласы болып, соңынан Меккеден Дамаскіге, кейіннен Бағдатқа келтіріледі.
Ғылым мен мәдениет Батыста құлдилап ортағасырлық тұйыққа тірелген
кезінде, Шығыс елдлерінде, әсіресе Орта Азияда келешек ұрпақ үшін ғылымды
одан әрі дамыта түскен ірі ғылым қайраткерлері өмір сүрді. Ғылыми
еңбектерінің көпшілігін сол кезде Шығыс елдері үшін ортақ тіл ретінде
саналатын арап тілінде жазғандықтан олар соңғы кезге дейін арап
оқымыстыларының санатына қосылып келді. Шын мәнісінде арап ғылымы көптеген
халықтың көп ұрпақтың бірнеше ғасырға созылған коллективтік творчестволық
еңбегінің нәтижесінде туып, қалыптасты. Бір арап ғылымы деген атауды
осындай кең мағнада түсінеміз.
Алғашқы кезде арап басқыншылары жаулап алынған елдердің ғылыми және
мәдени мұраларын бет алды қиратып талқандайды, кәпір білімпаздарды
өлтіріп, қуғынға ұшыратады. Діни және саяси мақсаттан туған бұл қаталдық,
әсіресе, Орта Азияда күшті болды. Орта Азиядан шыққан ұлы ғалым Әбурайхан
Бируни (973-1048) өзінің Өткен ұрпақтар ескерткіштері деп аталатын
еңбегінде былай дейді: Кутейба (араб қолбасшысы – А.К.) Хорезм жазуын
білетін, тарихын меңгерген және ғылымын үйрене алатын адамдарды құртып
жіберді, ол тарихтың жасырын жабық қалғандығы соншалық, хорезмдіктер туралы
ешнәрсені дәлме-дәл білу мүмкін емес[16; 79].
Алайда бұл бүлдіріп-жоюшылық ұзаққа созылмайды. Жаңа қалыптасып келе
жатқан феодалдық қатынастар, орасан зор мемлекеттің саяси-шаруашылық
мүддесі бағындырылған елдер ғылымына басқаша қарауды талап етті. Атап
айтқанда, араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар
мәдениеті жоғары басқа елдердің – Мысырдың, Сирияның, Персияның, әсіресе,
Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.
Ғылымның қадыр-қасиетін дұрыс түсіне білген бағдат халифтары аталы-
балалы әл-Мансур, һарон Рашид (кәдімгі Мың бір түннің кейіпкерлерінің
бірі), әл-Мамундар (ҮІІІ-ІХ ғ.) ғылымды дамыту мәселесіне көп көңіл
бөледі. Бағдатта және басқа қалаларда астрономиялық обсерваториялар
салдырылады. Һарон Рашид Даналық үйі (Бейіт әл-Хикма) деп аталатын,
жанында жақсы жабдықталған кітапханасы бар, арнаулы аудармашылар орталығын
құрады. Кейінгі халиф әл-Мамун бұл орталыққа мемлекеттік сипат беріп,
көптеген қаржы, арнаулы штат бөледі, грек, сирия, үнді тілдеріндегі
қолжазбаларды мол алдырып, оларды мұқият аудару жұмысын қызу жүргізеді.
Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гиппократ, Платон,
Аристотель, Евклид, Архимед, Менелай, Аполлоний, Птолемей сияқты грек
ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл
зерттеле бастайды[17; 6]. Осылай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат
мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып
топтастырылады.
Біз Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жұмыстарының
басты ұйтқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын
мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мұхаммед Хорезми, Ахмед Ферғани,
Ғаббас Жауһари, Ахмед Мервази және басқалар бар[17; 13].
Бағдат математиктері мен астрономдары 827 жылы Жер меридианын қайта
өлшеу сияқты көлемді әрекеттерді жүзеге асырады.
Фараби өзінің еңбектерінде осы Бағдат мектебінің ғылыми
жетістіктеріне мықтап сүйенген. Мәселен, ол Птолемейдің Алмагесіне
түсініктемесінде әл-Мамун кезіндегі оқымыстылардың астрономиялық
жетістіктеріне үлкен баға берген.
Әл-Кинди әбу Юсуф араб философиясының негізін қалаушы болып саналады.
Оны арабтардың философы деп айтуы осыдан. Әл-Кинди Йеменнің Кинда
өлкесінен шыққан, әкесі Куфа қаласының әмірі болған. Ол 800 жылдар
шамасында Басрада туады; білім алуды осы Басрада бастап, Бағдатта аяқтайды.
Әл-Кинди жоғарыда айтқан әл-Мамун патшаның замандасы, ол Бағдат халифатында
ғылым мен философияның қалай өрлегенін көзімен көрген, өзі де грек
авторларының еңбектерін араб ітілен аударуға ат салысқан. Әл-Киндидің өлген
жылы мәлім емес, шамасы 860-879 жылдардың бірінде қайтыс болу керек[17;
29].
Әл-Кинди сол тұстағы арба халифатындағы оқыған адамдар ішінде ең жан-
жақты энциклопедиялық білімді адам болған. Ол қалам тартпаған ғылым-біліи
салалары жоқ деп айтуға болады. Орта ғасырлық араб жазбаларында Әл-Кинди
238 еңбек жазған деген дерек бар, бірақ олардың көбісі бізге жетпеген. Әл-
Кинди, әсіресе, философия, логика, математика, астрономия, медицина,
метеорология, музыка және оптикамен көп айналысқан. Ол грек тілін жақсы
білген, сондықтан ежелгі грек ойшылдарының еңбектерін насихаттауға көп үлес
қосқан., Аристотельдің Метафизикасының Птолемейдің Географиясының,
Евклид шығармаларының аудармаларын редакциялаған. Мұның үстіне ол
Аристотельдің логикалық шығармаларына, Птолемейдің Алмагесіне, Евклидтің
Негіздеріне түсініктемелер жазған.
Әл-Киндидің ғылыми-философиялық шығармалары тек шығыс ғұламаларына
ғана емес, Батыс оқымыстыларына да игі әсер етті. Оның еңбектері Х-ХІ
ғасырларда латын тіліне аударылып, олардан философ Роджер Бэкон және
италияның атақты математигі кардано көп тәлім алған. Кардано Әл-Киндиді
дүние жүзілік он екі кемеңгердің бірі деп атаған[17; 15]. 1961 жылы Әл-
Киндидің бірсыпыра еңбектері Москвада орыс тілінде, Избранные произведения
мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока атты жинақта басылып шықты.
Бұл трактаттарда ол философия, логика, музыка, математика және басқа
мәселелерді қозғайды. Әл-Кинди берген ғылымдар тізбегі классификациясының
мәні үлкен. Өзінің Аристотель кітаптарының саны және философияны оқып-
үйрену үшінне қажеттігі жайлы деп аталатын трактатында ол ең алдымен
физика, яғни жаратылыстану ғылымдарын, математиканы және логиканы атайды,
өйткені Әл-Киндидің пікірнше бұларсыз әлемді де, философия ғылымдары,
этика мен саясатты да терең білу қиын. Ол былай дейді: математикалық
ғылымдарды меңгергеннен кейін филосов боламын деген оқушының біртіндеп
танып-білетін Аристотель жазған шығармалар төрт түрге бөлінеді. Бұл
төртеудің біріншісі – ол логика жайлы кітаптар, екіншісі – физика, яғни
жаратылыстану жайлы кітаптар; үшінші түрі – денелерді қажет етпейтін, бірақ
олармен бірігіп өмір сүретін нәрселер жайлы кітаптар; төртінші – денлерді
қажет етпейтін және олармен ешбір бірікпейтін, қосылмайтын жайлы кітаптар
[17; 26].
Қорыта келгенде Әл-Кинди шығыста алғаш болып Аристотельдің ғылыми-
философиялық дәстүрін дамытуды колға алған философ, энциклопедист ғалым. Әл-
Киндидің бұл бастамаларн одан кейін іле-шала Фараби онан әрі өркендетіп
жаңа сатыға көтереді, кемелдендіреді, сөйтіп философияда, ғылым мен өнерде
тамаша табыстарға жетеді.

ІІ-тарау. Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
2.1. Орта Азия ғұламалары және дала философиясы
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ
топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтарм бүкіл шығыс араб-парсы
мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі
ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары
да аз емес. Солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз — Әбу Насыр
әл-Фараби.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім,
бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби
870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб
қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы
Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының
территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына
карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған[28; 9]. Замандастары жазған
шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі
тілінде келтіріледі.
Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн
Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) — Аристотельден кейін дүниежүзі білімі
мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым.
Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі
– ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын Түрікше ашқаны,
өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады. Оның өлеңдерінан
үзінділер де сақталған. Фарабидің күйшілік өнері туралы әңгімелер көптеп
кездеседі[28; 9].
Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы
болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Қай жерден
шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін
сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари Диуани
лұғат ат түрк атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты Қарышоқы деп
көрсетеді[36; 129].
Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының
ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде
ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар
қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы
қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл
Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым
іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің
орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі
ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады.
Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа
тілдердіүйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне,
өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми
еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай
бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика,
музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия
риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы
ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір
Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі
бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге
дейін белгісіз болып келген: Алмагеске түсініктеме, Геометриялық
сызықтар жасаудың әдістері, Астрология, Китаб әл мусики әл кабир
секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар.
Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және
Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы
Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл
Фарабидің қолжазбалары — өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он
үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында
сақтаулы.
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып,
ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның
денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.
Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп
болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн
Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары
оларды бөліп жармай Қос Фараби деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы
ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар
Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген. Бұл Ұлы
Ғұламаның өзінен кейінгі талай Ұлыларға да үлгі болғанын көрсетеді.
А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының
торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап
көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен
айналысуға да қолайлы болған[2; 166].
А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы
алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала
тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту
әбден орынды[2; 167].
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар шапқынышылы кезінде
қала қиратылды, бұл «Отырар ойраны» деп аталды, қала қайтадан тез қалпына
келеді. Онаң соңғы әйгілі мәлімет 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір
қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың,
қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де
айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының —
саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында
болған. Қаланың ең ақырғы күйреуі 18 ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына
байланысты.
Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық
емес-ті. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың
археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак,
Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген.
Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда
қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп
қазір батыл айта аламыз.
Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300-
400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте
тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да,
қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари,
Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали
Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге
келуі әбден табиғи нәрсе[30; 6]. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге
әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының
арқасында оның Аристотельден кейінгі «Екінші Ұстаз» атанып, даңққа
бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің,
Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен
түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.
Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол, жас шағында,
дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін
кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнін көптеген орталықтары:
Хорасанда, Бағдадта, Дамйскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған. Өз
өмірінің көп жылдарын ол, араб халифатының саяси және мәдени орталығы
болған, Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп,
толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің
білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп
ұзамай олардың арасында үлкен аброй-беделге ие болды. Бірақ өресі тайыз
кертартпа хадисшілер оны жек керіп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-
Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені, оның дүниеге
көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздеп
табуға мезгейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді.
Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері») деген
соңғы шығармасында ол: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен
кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс»,— дейді[28; 133]. Әл-Фараби
александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан
ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Хоранға келіп қоныс тебеді.
Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік
Сирияның жетекшісі саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса кадірлі
болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында кайтыс болды. Бейіті қазір Сирия
жеріндегі Баб әс-Сағир зиратында жатыр.
Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті.
Ол шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық
және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз.
«Мүсылман Ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері
оның шығармаларымен белгілі бір дәрежеде өз орнын алады. Әл-Фарабидің
шығармаларында көне замандағы дәстүрдің және «Бірінші Ұстаз» деп шығыста
аталып кеткен Аристотельдің тарих барысында қалдырған әсері,
неоплатонизмнің несторионшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель
идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені
сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жаксылары мен бағалыларын
әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы
сол — ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол
диалектика элементтеріне, мәселені қарама — қарсы қоюына белгілі дәрежеде
көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс
таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.
Фараби Аристотельдің, Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның
барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби
шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейщнейдер 117 еңбек десе, түрік
ғалымы А. Атеш— 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров—- 200 трактат деп
көрсетеді[28; 5].
Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
«категориялар», «метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика»,
бірінші және екінші «Аналитика», «Топикасы» мен 4 сопылық еңбектеріне
түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мәні — маңызын
жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі
мәдениетін таныстыруда зор роль атқарды.
Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн-
Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері аркылы ғана Аристотель
еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы
жазған екен.
Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб
тіліне аударылып үлгіргенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды
ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан
ұлы грек философиясының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді
жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде
түсіндірме жазуды үйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ
пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші
ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс әрекетін
таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары оны «Ал муалим ас-саны» —
«екінші ұстаз» деп атаған.
Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да
«Ғалымдардың шығуы», «Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік
меруеті», «Ізгі қала тұргындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы»,
«Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы», «Ақылдың
мәні туралы», «Әлеуметтік-этникалық трактаттар», «Философиялық трактаттар»,
т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымның философиялық-
логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі
зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология,
география, этика т. б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор.
Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын, біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен
ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген «теорияның» негізсіздігін
соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған
сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш
етіп келеді[29; 8]. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың
санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі
дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз
ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін
сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең
асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді.
Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам
жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады.
Араб шапқыншылығы Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы
территорияда феодалдық қатынастардың дамуына дем берді. Терең ішкі
қайшылықтар, еркін қауым мүшелерінен феодалдарға тәуелді адамдарға айналған
шаруалар қозғалысы және басқа да тәуелді күштер халифаның ыдырауына
себепкер болғанымен, феодалдық қатынастардың дамуын тоқтата алған жоқ. X
ғасыр мәдени өрлеу заманы болды. Бұл Европадағы қайта өркендеу заманына
ұқсас мұсылман Ренессансы деп аталды. Осы өрлеуге ықпалын тигізген
жағдайлардың қатарында сауаттылықтың біршама кең өріс алғанын, қолжазба
жинау, аудару ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық
кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады.
Егер Қазақстан, Орта Азия және Таяу Шығыс елдерін … жалғасы