Ғалымдар: Кассалық түбіртектер денсаулыққа қауіпті

Ғалымдар: Кассалық түбіртектер денсаулыққа қауіпті
Кассалық түбіртектерді шығару үшін қолданылатын қағаздарда бисфенол А химикаты бар. Ол адам денсаулығына өте қауіпті. Бұл туралы испаниялық ғалымдар мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша бұл химикат қатерлі ісіктердің, белсіздік пен диабеттің пайда болуына алып келеді. Ол сондай-ақ әйелдердің уақытынан бұрын босануына себеп болуы мүмкін. Балаларда аутизм ықтималдығын арттырады, ағзаның эндокринді жүйесін бұзады. Сол себепті мамандар түбіртектерді үйде сақтамауға кеңес береді.
Дереккөз: Корреспондент
Дереккөз: http://reactor.inform.kz