Кассалық чектерді дереу қоқысқа тастау керек

0
161
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Кассалық чектер адам денсаулығына өте қауіпті болып шықты

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Кассалық чектерді шығару үшін қолданылатын қағазда адам денсаулығына өте қауіпті бисфенол А химикаты бар. Бұл туралы испаниялық Гранада университетінің ғалымдары мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, бұл химикат қатерлі ісіктердің, белсіздік пен диабеттің пайда болу тәуекелін едәуір арттырады. Сондай-ақ ол әйелдердің мерзімінен бұрын босануына әкеп соғып, ағзадағы эндокринді жүйені бұзатындықтан балалардың аутизмге шалдығу ықтималдығын жоғарылатады. Ғалымдар бисфенол А химикаты пластмасса мен эпоксидті шайырдың негізгі компоненті екенін атап өтті, деп жазды Genetic Engineering & Biotechnology News.

Зерттеушілер чекті дүкенде тастап кетуге кеңес беріп отыр, оны үйде немесе көлікте сақтауға болмайды. Сонымен қатар чекті қоқыс шелегіне тастардан бұрын умаждауды әдетке айналдырмағаныңыз жөн.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/