Ғалымдар ашығудың пайдасын дәлелдеді — Денсаулық

0

Калифорния университетінің ғалымдары ашығудың метаболизм қызметін өзгертіп, салдарынан адамның денсаулығы жақсарып, өмір сүру ұзақтығы артатынын анықтады. Зерттеу Cell Reports журналында жарияланды, — деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар мұны циркадты ырғақпен байланыстырып отыр. Яғни биологиялық процестердің қарқындылығы түрлі болуымен байланысты деп түсіндіреді. Олардың қызметі адамдардың ішкі сағаты секілді: яғни, таңертең ұйқыңыздан оятып, кешке ұйқыны шақырады. Ал тамақтану уақыты, мамандардың айтуынша, циркадты ырғақтың қызметін мүлде өзгертеді.

Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, ашығу метаболизм қызметін жеделдетіп, циркадты ырғақтың жұмысына тікелей әсер ететін гендер мен ақуыздардың қызметін белсенді етеді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz