Балабақшадағы ертеңгілік «Қысқы ормандағы Жаңа жыл»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Балабақшадағы ертеңгілік «Қысқы ормандағы Жаңа жыл»

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Балаларға Жаңа жыл туралы, Аяз ата мен Ақшақар туралы түсінік беру, танымдарын арттыру, мерекелік көңіл- күй сыйлау,

Балауса» балабақшасы коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Күншуақ» (II-сәбилер) тобы ұйымдастырған «ҚЫСҚЫ ОРМАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ!«ертеңгілігі

Тәрбиешілер: Захарьянова Г.К.Мамиева С.К.

2018 жыл, желтоқсан

Қысқы ормандағы Жаңа жыл!Мақсаты:Балаларға Жаңа жыл туралы, Аяз ата мен Ақшақар туралы түсінік беру, танымдарын арттыру, мерекелік көңіл- күй сыйлау, ата- аналардың балаларының өнерлерін тамашалауына мүмкіндік беру, ата- аналар мен балабақша арасындағы қатынасты жандандыру, екі тілде тақпақтар жаттату және сол арқылы балалардың тілдерін дамыту. Қатысушылар: Жүргізуші: Захарьянова Гульбаршын Аяз Ата— Тупенов Райымбек.Ақшақар— Тюлемысова Самал.АюТоктыбава ЗинаидаҚызыл телпек– Мамиева Салтанат.Қасқыр— Естаева Гүлмира.Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады. Балалар әуенмен қол ұстасып жүгіріп ортаға кіреді. 1-Жүргізуші: Уа, халайық жарандарАйналаға қараңдарЖаңа жылдың бұл тойынСалтанатқа санаңдарҚызық көріп, шат болыпҚуанышпен тараңдар.

Аялдап сәл-сәл күт, уақыт,Қарсы алам жылды жырменен.Ағылар үйге құт, бақыт,Келетін жаңа жылменен! 2-Жүргізуші: Жаңа жылым мол болсын, Басқан қадам оң болсын, Төрле, төрле жаңа жыл, Бізге құтты жол болсын!деп «Қысқы ормандағы Жаңа жыл!»аттыертеңгілігімізді бастаймыз.Ән: Жаңа жыл.Балалар орындарына отырады.«В гостях у сказки»музыкасыойналады. Қызыл телпек жүгіріп шығады.-Недеген ұлпа қарлар! Орман қандай керемет! Мен мерекеде әжеме сыйлық апара жатырмын.-Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер мені таныдындар ма? Мен Қызыл телпекпін.Барлықтарыңды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Мерекесімен құттықтауға әжеме кетіп бара жатырмын. Ал, сендер өздеріңнің әжелеріңді, аналарыңды құттықтадындар ма?

Балалар жауабы:Алыстан қасқырдың дауысы естіледі.Қызыл телпек шыршаның артына тығылады.Қасқыр: Мен сұр қасқырмын. Сендердің араларыңнан кішкентай қызды іздеп жүрмін. Қазір ұстап алып оны жеп қоямын.Жүргізуші: Ах, сен сұр қасқыр, кімді жегейі жүрсін? Кане, балалар, бұл қасқырды ортамызға алып, қармен атқылап қуайық.Ойын: «Қар лақтыру»Қызыл телпек:Рахмет, балалар! Сендер мені сұр қасқырдан құтқардындар.Жүргізуші: Тыныш, тыныш!Мен бір дыбыс естіп тұрмын, бізге тағы біреу келе жатқан сияқты. Аяз Ата ма екен?Аюдың дауысы естіледі.Аю: Бұл недеген шу, бұл недеген айқай. Мен қыста ұйықтауым керек, мені ояттындар! Жүргізуші:Ой, балалар, біз маймақ аюды ұйқысынан оятып жіберіппіз. Кел аю, бізбен бірге мерекеге қатыс.Әдемі әуенмен Ақшақар кіреді.Ақшақар:Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Мерекелеріңмен! Мені осы балабақшада мереке болып жатыр деп Аяз ата жіберді. Балалар, маймақ аю қыстың күні оянып кетіпті ғой оны өзіміздің биімізбен тербетіп ұйықтатасақ қалай болады?Би: «Ақшақарлар»Аю: Рахмет Ақшақар. Сендер мерекелеріңді жалғастыра беріңдер, ал мен енді үйіме барып ұйықтайын.(аю шығып кетеді)Ақшақар:Балалар, қараңдаршы, шырша қандай әдемі. Бірақ, байқайсыңдар ма, шыршамыз көңілсіз? Өйткені шамы жанбапты. Сендер маған көмектессендер, шамын жаға аламыз. Көмектесесіңдер ме?Балалар: Ия. Ақшақар: Шырша шамын жағайық, Қуанып бір қалайық Олай болса балалар: « Алақаным тақ-тақ Шырша шамын жақ-жақ.» Балалар қайталап шырша жамын жағады. Балалар қуанады.Қызыл телпек: Балалар, білесіңдер ме,менің әжеме де барғым келіп тұр,бірақ Аяз Атаны да көргім келіп тұр.Жүргізуші: Онда Аяз Атаны шақырайық.Балалар: Аяз Ата, Аяз АтаЖүргізуші: Балалар, Аяз Ата бізге қалай келеді, жердің бәрі қар.Аяз Атаға жол ашайық.Ойын: «Аққала»Жүргізуші:Жолды тазаладық, енді кедергі жоқ.Аяз Атаны тағы шақырайық.Балалар: Аяз Ата, Аяз АтаАяз ата: Аяулы ата- аналарға , ардақты ұл-қыздарға, бүлдіршін балаларға бір сәлем!Қандай жарқын жүздерің,Қандай әсем жырларың асулармен алысқанАсау желмен жарысқан,Аталарың сендердің Шаршап келді алыстан.Сендердің дайындаған өнерлеріңді көріп, сыйлықтар берейін деп келдім.Балалар:Сәлеметсіз бе Аяз ата?Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен! Менің немерем Ақшақар да осында екен гой.Ақшақар:Сәлеметсіз бе, Аяз ата.Төрлетіңіз. Мен сіз айтқаннан кейін ертерек келдім. Шырша шамын да жағып қойдым.Аяз ата:Жарайсың Ақша қар, ондай болса балалардың өнерлерін тамашалайық.Ән: «Бізге бүгін Аяз ата келеді»

Би: «Калинка» Қайсар, Камилла, Балжан.Ән: «Мен әдепті баламын» Аружан

Балалардың Аяз Атаға арналған тақпақтары:Айнар:Аяз ата келдіТамашаны көрдіРиза болып қуаныпБізге сыйлық берді.Әзиз:Шыршаға бардықӘсем ән салдықАяз атаданСыйлықтар алдықНурислам:Қуантып елдіЖаңа жыл келдіӨсетін болдымБір жасқа ендіБалжан:Жаңа жыл келгендеҚуанып қарсы аламыз. Аяз Атамен бірге Билейміз, ән саламыз.Жомарт:Аяз ата келдіМаған кәмпит бердіМен кәмпитті жеймінРахмет ата деймінАят:Тамаша, тамашаШыршамыз тұр жарасаБасында әсем жұлдызыКөз тоймйды қарасаАртем:Елочка, елочка,Вот она какаяСтройная, красиваяЯркая, большаяАлиана:Наша елка велика,Наша елка высока Выше папы, выше мамы,Достает до потолка!Милана:Дед Мороз! Дед Мороз!Ты нам сладости принес?Ты в секрете не держи,Что в мешке там, покажи?Камилла:Раз, два, три, четыре, пять,Будем все мы танцевать.Ведь сегодня ― Новый год,Дедушка Мороз придет!Аружан:Тілеймін мен бар әлемге,Дос көп болсын жанашыр,Ата-әже, ата-әже Құтты болсын Жаңа жыл.Қайсар:Жаңа жылмен, Жаңа жылмен, Құттықтаймыз әрине. Папамызды, мамамызды, Қонақтардың бәрін де.Ануар:Жасыл желек жамылғанАсыл моншақ тағылғанМіне, сұлу шыршамызКөптен күтіп сағынған

Айкүнім:Келіңдер, келіңдерТақпақ айтып беріңдерЖомарт аяз атаданСыйлық алып көріңдерДиясыл:Қараңдар мынау шыршамызНеткен әсем көріктіЖаңа жылдық думанғаАяз ата келіптіБалалар биі: ФлешмобЖүргізуші: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақарды басқа балалар да күтіп отырған болар. Барлығымыз пойызға отырып Шығарып салайықБи: «Паровозик Чук-чук»Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді екенсіңдер. Киген киімдерің де сондай әдемі. Сендерге әкелген сыйлықтарымызды берейік те, немереміз екеуіміз жолға шығайық, басқа да балалар бізді күтіп отыр. Сендерге енді 1 жылдан кейін қайтып келеміз. Қош сау болыңдар!Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар! Мереке алдында біз «Менің сиқырлы шыршам» атты көрме ұйымдастырған болатынбыз. Ата- аналар түгелдей қатысты. Оларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Көрмеге ұсынылған жұмыстардың барлығы қайталанбас туынды деуге болады. Сол көрменің нәтижесі бойынша ең шығармашыл ата- аналарға арналған сыйлығымыз бен арнайы дипломымыз бар.Тапсыру: 1- орын: Полковниковтар, Шестункиндер отбасы;2- орын: Тоқбаевтар, Ерболовтар отбасы3-орын: Естаевтар, Сәрсенбаевтар отбасы.Осымен бүгінгі «Қысқы ормандағы Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын.Қорытынды: 28 желтоқсан күні өткен бұл ертеңгілікті ұйымдастырудағы алға қойған мақсаттарымыз орындалды. Балалар Аяз Атаны көрді, оның алыстан келгеніне, шын мәнінде сиқыршы екендігіне, балаларға сыйлық әкелетініне сенді. «Қызыл телпек» ертегісінің желісімен өткізілген бұл ертеңгілікте балалар Қасқыр, Аю секілді орманнан келген аңдармен бірге Жаңа Жыл мерекесін қызыға тамашалады. Аяз Ата, шырша туралы тақпақтарын айтып Аяз Атадан кәмпиттер алып қуанды. Би билеп, ойындар ойнады.Балаларға мереке ұнады, әсіресе оларға аңдардың жүрісін салған, доппен секіріп Аяз Атаға дейін жарысқан, қардан Аққала жасаған ұнады,балалар ата- аналарын Жаңа жылмен құттықтап флешмоб биледі.Ертеңгіліктің соңында Аяз Ата мен Ақшақарды балалар ата- аналармен бірге «Көңілді пойыз» биімен шығарып салды.Біздің ертеңгілікті өткізудегі алға қойған мақсаттарымыз орындалды.

ДипломБалабақшадағы «Жаңа Жыл мерекесіне»орай ұйымдастырылған«Менің сиқырлы шыршам» атты көрмегебелсене қатысыпорын иеленген

_________________________отбасына беріледі.

П.о. «Балауса» балабақшасының меңгерушісі : Джарылғасынова Г.Ж . __________

Солоновка ауылы2018ж. желтоқсан

ДипломIстепени

Награждается——————————За активное участие и за творческий трудна выставке«Моя волшебная елка»

М.п Заведующая деского сада «Балауса» Джарылгасынова Г.Ж. ——————

с.Солоновка2018г. декабрь


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.