Футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды — Футбол
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 53 жастағы чех маманы Михал Билек тағайындалды, — деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан Футбол Федерациясының сайтына сілтеме жасап.
«Михал Билектің жаттықтырушылар штабына енгендер: көмекшілері — словакиялық Михал Хипп және Талғат Байсуфинов, қақпашылардың жаттықтырушысы — Николай Родионов.», — делінген федерацияның сайтында.
Михал Билек 1965 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Футболшы кезінде Чехословакия және Чехия құрамаларының жартылай қорғаушысы болған. Жаттықтырушы қызметін чехиялық «Теплице» клубында бастады. Сонымен қатар, «Картахинес» (Коста-Рика),»Хмел», «Виктория Плзень», «Спарта Прага», «Высочина» (барлығы — Чехия), «Ружомберок» («Словакия»), «Динамо Тбилиси» (Грузия) футбол клубтарын жаттықтырды. Соңғы жұмыс орны — чехиялық «Фастав Злин» командасы.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz