Франкфурттан Атырауға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Оралға шұғыл қонды — новости Казахстана
21 желтоқсан күні 22 сағат 40 минутта Air Astana ұшағы қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлаған. Осыдан кейін Франкфурттан Атырауға бағыт алған әуе кемесі Оралға қонуға мәжбүр болған деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық аваиция комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ведомствоның Facebook-тегі парақшасында берген мәліметінше, А321 NEO ұшағы сағат 23.22-де Орал қаласының әуежайына қонған.
Ұшақ бортында 64 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы Орал қаласының қонақүйлеріне жолаушыларды орналастыру мәселесін шешуде.
Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталған.