Францияның мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

0

Шенеунік қазір үйінде ем алып жатыр. Ал оның соңғы күндері Франция президенті Эммануэл Макронмен кездескен-кездеспегені хабарланған жоқ

АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Францияның мәдениет министрі Франк Риестердің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады  Deutsche Welle.

Басылымның хабарлауынша, шенеунікте коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония белгілері жоқ.

Риестер қазір ауруханада емес, үйінде емделіп жатыр. Сондай-ақ, министрдің соңғы уақытта кімдермен байланыста болғаны анықталуда.

Соңғы екі аптада Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол алысып амандасудан бас тартқан болатын.

Коронавирустың өршуі

Covid-19 деп аталатын жаңа коронавирус 2019 жылдың желтоқсанда тарала бастады. Қытайдың Ухань қаласында (Хубэй провинциясы) бұрын-соңды белгісіз болған ауру өршіді. Қазір коронавирус әлемнің 100-ге жуық еліне қарады. Джон Хопкинс институтының мәліметінше, әлемде 113 773 адам коронавирус жұқтырған, 4 008 адам көз жұмды. 63 663 адам аурудан айықты.

Қазақстанда әзірге коронавирус тіркелген жоқ.



sputniknews.kz