Huawei өзінің жеке HMS мобильді сервистері жайлы сөз қозғады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда журналистердің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Онда Huawei ұйымының Ресей, ТМД және Турциядағы тестілеу және кастомизация бөлімінің жетекшісі Максим Филин Huawei Mobile Services (HMS) мобильді қызметінің экожүйесі туралы сөз қозғады. Айтылған қызметтер әлем халқының күнделікті жұмысын жеңелдету үшін жаңа серпін ала келмек. 

Хуавей

Атап айтарлық жайт, 2019 жылдың 19 мамырынан бастап Google аталмыш қытайлық ұйыммен серікестігін тоқтатқан болатын. Осыған байланысты Huawei Google-дің орнына бірқатар жаңа қосымшалар мен іздеу платформасын жасап шықты. Сөз болып отырған Huawei App Gallery, Huawei Browser, Huawei Mobile Cloud виртуалды сервисі мен HMS экожүйесіне кіретін басқа да бағдарламалар 2018 жылдан бері өз аудиториясын жинап үлгерген. Huawei App Gallery қосымшасының аудиториясын 170 мемлекеттің азаматтары құрап, олардың саны 390 миллион асқан. Бір жылдың ішінде мобильді бағдарламаны пайдаланып 180 миллиард қосымша жүктеліпті. 

Қазір смартфондарға арналған қосымшалардан бөлек ақылды теледидар, VR және басқа да құрылғыларға арналған бағдарламалар жасалған. 

HMS экожүйесіне негізделіп жасалған алғашқы смартфон Huawei Mate30 Pro болды. Жаңа құрылғыға Kirin 990 процессоры орнатылып, үздік камералардың бірімен жабдықталған. Яғни жаңа үлгідегі смартфондағы төрт фотомодульдің арқасында кинематографиялық сапамен видеотүсірілім жасауға болады. 

Сондай-ақ HUAWEI Mate30 Pro ұялы телефонда мүлдем батырма жоқ. Ал дауыс реттеуіш қызметін смартфонның бүйіріндегі сенсорлы панель атқарады. Ең қызығы смартфон қолданушысы дауыс қондырғаларын оның кез келген жақтауында іске қоса алады. Сонымен қатар HUAWEI Mate30 Pro моделі дыбысты дисплей арқылы ойнату мүмкіндігіне — Huawei Acoustic Display-ге ие болды. 

6 наурыз күні HUAWEI Mate30 Pro смартфонына алдын ала тапсырыс беру басталып кетіпті. Жаңа телефонды 499 990 теңгеге сатып алуға болады екен. 12 наурызға дейін смартфонға тапсырыс беріп үлгергенде сыйлыққа Huawei Watch GT2 ақылды сағаты мен Huawei Freebuds 3 сымсыз құлақап, бір жылға тегін сервистік қызмет және үш жылға телефон экранын ақысыз ауыстыруға кепілдік беріледі. Ал флагманның сатылымы Қазақстанда 13 наурызда басталады. 

 

stan.kz