Францияда ұшақ бортында «Аллаху Акбар» деп айғайлаған жолаушы ұсталды

0

Transavia әуе компаниясы ұшағының экипаж мүшелері бортта «Аллаху Акбар» деп айғайлаған жолаушыны Ницца қаласынан түсіріп кетті. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

 

Оқиға Парижден Туниске бара жатқан ұшақта орын алған.

Борттағы адамдар жүретін жолда Құдайға құлшылық етіп отырған жолаушыға бортсеріктер тыйым салған.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушы сол кезде ашуға бой алдырып, «Аллаху Акбар» деп айғайлай бастапты. Амалы таусылған әуе экипажы мүшелері Ниццаға шұғыл тұрде қонып, азаматты борттан түсіріп кетуге мәжбүр болған.

Ал жерге түскен соң ашулы жолаушыны полиция қызметкерлері алып кетіпті. Медицина сараптамасы оның психикалық ауытқуы бар екенін көрсеткен.

Дереккөз: kaz.nur.kz